Желідегі туысқан

Бәрі де сонау 2004 жылдың күзінде басталды. Ол уақытта қазіргідей агент емес, мсн мен аськаның шарықтап тұрған «алтын ғасыры» болатын. Мен ол кезде екінші курс студентімін, сол жылы әкем шешем екеумізді жастау келіншекке айырбастап, кетіп қалды. Танымал адамның отбасы болған соң, біздің есікті қақпай кіретіндер көп болатын. Әкем кетісімен көп адам біз туралы ұмытқан сияқты боп көрінді. Алайда, аяныш сезімдерін білдіріп, «айналайын» деп басымнан сипайтын әкемнің ескі достары әлі де жүрген жерімде демеп, қолдарынан келер көмегін аяған жоқ. Шындығым сол, жұбанышты көшеден де, темекіден де, тіпті ішімдік пен жеңіл нашадан да іздедім, таппадым. Оқуым жайымен қалды, шешем әкемді ойлап, мені ойлап мүлдем шашы ағарды. Ол уақыт мен мұны байқамаған едім. Бәрінен ішім пысқанда интернетте уақытымды өлтіруге кірісетін болдым.
Түнімен сол бір әлемді шарлап, күнімен ұйқының құшағында. Сөйтіп жүргенде, аськама «Moonboy» деген никті жігіт қосылды. Чаттың қызығы сонда басталды. Мәскеуде шешесімен тұрады екен. Ұлты қазақ болғанымен, тілі де, санасы да орыстанып кеткен азамат алғашқысында маған тіпті ұнамады да. Бірақ, кейін келе оның ақылды, көп оқыған, МГУдің 4-і курс студенті (ооо, старшак деп тамсанғанмын да) екенін, Қазақстанда әкесінің туған-туыстары көп екенін, осында көшіп келгісі келетінін білдім. Күнімен-түнімен сол бір жігітті ойлайтын болғанымды өзім де байқамай қалдым. Сөйтіп жүріп жарты жыл зулап шыға өтті. Ол мен оқуымды жалғастыруымды талап етіп, егер сабаққа бармасам, менімен сөйлеспей қоятынын айтып қорқытып, ақыры 2-курсымды да жақсы тамамдадым. Жазға әкесінің ағасына қонаққа келетінін айтып, менімен міндетті түрде кездескісі келетінін, жақынырақ танысқысы келетінін, тіпті ғашық болғанын да айтты. Сол кезде жүрегім тулап, кеудемнен ұшып кететіндей көрінді.
Ақыры, мен асыға күткен шілде де келді. Біз ол кезде Алматыдан Астанаға көшіп кеткенбіз, шешемнің жаңа жұмысына орай. Ал ол, менің Айбалам, Алматыға келіпті.Бір апта Қазақстанда жүрсе де, бір де бір рет хабарласпады. Әйтеуір араға апта салып, Астанаға келгенін айтып, кездесуге шақырды.
Кездесу шағын ғана «Театральное» деген кафеде өтті. Театрға бала кезден құмарлығым болар, сол бір кафе менің ең сүйікті кафем болатын. Мен оны бір сағат бойы күттім, талай қоңырау шалдым. Жүрегім дүрсілдеп, бір жамандықты сезді. Көзіме жас толып, әрең отырғанымда ол кіріп келді. Тап суретіндегідей. Қап-қара шашы, қысықтау көзі, мұрны, ерні, бойы — бәрі — бәрі менің арманымдағы Айбаламның бейнесіндегідей. Қуанып кеттім. Бірақ, орнымнан тұра алмай қалдым. Қабағы қатулы еді. Келді де:
— Сәлем, қарындасым! — деді.
— Сәлем, ағатай- деп мен қалжыңдап едім.
— Ты оказывается дочка дяди Даке! Почему ты не говорила? Я видел твое фото сегодня у него дома. Он двоюродный брат моего отца, мы теперь родственники.
Бөлісу:

25 пікір

dark_nazgul
Вуаля.
келесі қатысушының шығармасын қабыл алыңыздар.
Бұл шығарма кішкене күзеліп, бәйге шарттарына «подгонять» етілді. автордың құлағына алтын сырға))) Өзгелердің де)))
Автор, атауын өзгерткің келе ме?
bazuka
мен бас кейіпкерді жігіт екен деп оқып отырғам бас жағында, мына жерге келгенде
Сөйтіп жүргенде, аськама «Moonboy» деген никті жігіт қосылды.
көргесін бәрін көрейін деген екен деп ойлап отырғам))
AKA
Жаңа ғана осы туралы жазған едім  Мұндай жағдайлар да болады екен-ау… Барлығының соңы сәтсіз екен, сәтті аяқталған оқиғалар да кездеседі, тіпті үйлі-баранды болып кеткендер де бар
meirzhan
Тақырып интриганы өлтіреді екен. «Желідегі туысқан»
dark_nazgul
оны мен құрттым, аффтар өзі атаусыз беріпті. ойыма алғаш келгенін жаза салдым.
meirzhan
хехе. Бірақ мен тақырыбына новелланы оқып болғасын қараппын, так что мен үшін интрига, ойламаған конец болды
araika
Әсер ете қоймады. Аяғы тез біте салған, әріге бармай-ақ күнделікті көретін түрік сериалдарынан "өнеге" алып, сәл соза түскенде ғой
patick
Автор — қатігез, әрі инцесттік ниетінен иіс шығып тұр.
Abilakim
«Сәлем, қарындасым»деген сөзді қазақша айтқан ба? Ол қазақша білмеуші еді ғой
sammita
Назгүл, жақсы жазбалармен де тұздықтап тұршы
AKY
Назгүлдің кінәсі не? Аффтарлар ғұӘ

зы: қай анонимайзермен кіріп жүрсің? әлде әкім шырақпен келістің бе?
sammita
енді Назгүлге қай жерде жазам? Ұйымдастырушы ғой)))

әкім шырақ қуаД ше, бүгін ашық тұр
VKM
тууууй, аяқталғаны қызық емес
Aikona
ужасс жылағым кеп кетті
Altygradus
атауы сәтсіз. Тақырыпты оқып ап немен бітетінін біліп отырған қызық емес екен
Zilola
Уощым ұнамады
konvict
Сізге қайсы ұнады екен деееп ойлап отырмын
Erkekyz
Тақырыптың атауынан-ақ қалай бітерін біліп қалдық. Бірақ мен ойлаппын, ол жігіт қыздың әкесі кетіп қалған әйелдің баласы болып шығады деп, тойыс сводные брат и сестра боп шығад деп.