«Қытай болдым, мінекей...» һәм Анадолыға алғашқы адым (фотобаян)

Уа, жамағат!

Халдарыңыз қалай?

Өмірінде өз өлкесінен тысқары шығып көрмеген біз пенденің де пешенесіне түріктің топырағын басу бұйырыпты. Керектік белсенді қолданушы һәм «Түркияның атақты әртісі» Ғалия ханымға мың и бір алғысымды айтып қойсам. Ыстамбұлдағы 2,5күннің ішінде ол апам көрмегенді көрсетті(нақ мағынасында) және и нтернет таба алмай жүргенімде өзі де қалам тербеп үлгеріпті.

Тәәәәәк, бүкіл Қазақстанның халық санымен бірдей халықты құшағына сыйдырған бұрынғы бас қаласы жақсы қарсы алды.Құжынаған халық, ыстық күн… Еще дәл сайлау қарсаңындағы түрік халқының қарбаластығы таңдандармай қоймады.
у да шу, азан-қазан! Ана партия, мына партия, бір-бір үлкеееен мәшинеге баннер жапсырып алып, жарнамасын жарияға жар салуда (қазір жазып отырған сәтімде мұнда сайлау өтіп жатыр. Жұрттан саясат туралы сұрап қоямыз: — Ақ партидің ұстанып отырған саясаты мықты, Режеп Тайып Ердоған билікке келгелі бері қарнымыз тоқ, көйлегіміз көк, тіпті әлем саясатында да Түріктің билігі жақсы жақтарынан сипат алуда — деп жауап қатты бір қауға сақал (Патиктің авасындай).
Біз де "Ақ парти" деп ааұрандатып қойдық

Обшым біздің мақсат қыдыру болған себепті, келген күннен-ақ бастап кеттік. Негізі, түріктерде тарихи жерлер өте көп екен, сонысымен қоймай олар болмашы нәрсені де үлкеееен тарих санап, жан-жағын тарс қоршап, мемлекет қарамағына өткізіп, мұнда жол алған туристердің негізгі нысандарының тізбегіне қоса салады екен, осылайша-ақ, мемлекет бюджетіне қаржы құйыла береді, құйыла береді


«Ердоғааан! Ақ партиииии!»


1.Таңғы ас пен таңғы тіршілік осылай басталды. Қолда түрік шайы мен тәтті симит



2. Қызырдың(алейхиссалам) бармағы Нұржаннетікінен үлкен көрінеді

3.Христиандар тастай қашып, мұсылмандардың алғашқы жұмасы оқылған Аясофия осы! (қызыл кірпішті)

4. Әзірет Сұлтанның мешіті де мұндағы туристердің ең жиі келетін мекені.

5. Топкапының ішінде суретке түсіруге тыйым салған себепті, бір бұрышта қиыла отыра қап, фотоны шарт еткіздік.

6.«Жер — домалақ» деген рас екен, универдегі досымды(көрмегелі біраз болған) мұнда кездестірем деп ойлап па едім?!  (жасыл көйлекті)

7. Қазақстаннан келгенімізді естіген Мехмет аға бір кездері Атырау өлкесінде болғанын есіне түсірді, өзі балықпен кұн көреді екен.

8-9.Босфор бұғазы — Кемеге мініп ап, таза ауамен тыныс алудың ең тамаша мүмкіндігі

10. Әлгінде айтылған мүмкіндікті пайдаланып қалған сәтім.

11.Көңілді даяшы.

12. Күнді дәмханада қорытындыладық (ортада Ғалия хазіреті)

ПыСы. Құр суретпен аузымызды майлады демеңіздер, аз-маз қызықтармен бөлісе отырайын:
Әбілдің, мұндағыларда «пешеход» деген понятие жоқ ше! Ыспакойны келе жатасың, алдыңнан еңгезердей көлік шығады, тоқтайды деп ойласаңыз — қатты-қатты қателесіз! Мам*ма дедім ғо ©
Келген сәттен бастап-ақ, бәрі бетімізге бадырайып қарайды! Қытай дейді, өз араларында мына қытайды қара дейді, өздерінше «ағылшынша» сөйлеп дидарласқысы келеді, ощым не керек, алғашында жоқ, қазақпын деп дауласып, түрікше жауап беруші ем, қазір ыспакойныыы "қытай" боп жүрм! Тағысын сосын қоса жатармын, ок?















Бөлісу:
  • 50

44 пікір

blackbeard
Әп, бәрекелді Мехмет бей (@TERISKEY)
Өзіңіз ойлағаннан да жақсы демалып қайтыңыз!
Інілер үшін сыйлықтар әкелу деген нәрсе бар екен ғой
VKM
Күүүүшті суреттер)))Түк те қараймапсың ғой
AKY
Ух-ты, жарайсың! Пост жазуды сенен үйрену керек, негізі Тыңғылықты, «от и до».
Бір жер асты ма, су асты ма музей бар еді ғой, соған бармадыңдар ма?
TERISKEY
Жерасты музейі ғой, «Йере батан» (YEREBATAN — «жерге батқан» аудармасы), оған бардық, түүүүк қызық емес ваще! Суретін ілейін қаласаңыз
Пікір түзетілген: 12 маусым 2011, 21:38
asaubota
неге? Йеребатан маған қатты ұнайтын тарихи жерлердің бірі. ондай жерасты су қоймасы басқа қайда бар екен?
chimaq
saparyngyzgha sattilik tileimin.jaqsy demalyp qaityngyz!))) [qosyu berem dep qate basylyp ketti, keshiringiz)))]
AKA
 Тааак, Нұржаннет сұлудың қарындасыңыздың әдемі күлкісі үшін +1000000!!! «Аясофия» мешітін көру бақыты бұйырыпты қызығып тұрым, құттықтаймын!!!
Altygradus
хаххаа досыңды кездестіргенің қызық болған екен, ол онда неғып жүр екен??
суреттерің күЧт екен. Партиялар жарнмасы ұрып тұр деш бар жерде
қаттты қызығып отырым сендерге, жақсы дем ал
TERISKEY
Ол досым ҚазҰУдың өзге елдердің универлерімен 2апталық тәжірибе алмасу келісімі бойынша демалуға оқуға келген беті екен.
Dinara
Жақсы демал Теріскей. Басқа суреттеріңді де күтеміз, Ақтеңіз жағасынан, қарайған  
Партиялар кеше түнге дейін әндетіп жүрді көшеде. Әр партиядан үміткер машинамен өз партиясының өлеңін қойып қойып, көше аралааап жүреді қызық
konvict
Suretterde 2010 jil dep korsetip turganin tusine almadim
Altygradus
иә шынмен, түзеш андағы фотиктің уақытын Теріскей
TERISKEY
 менікі үнемі осы ғой, техникауи сауатсызбын, ондай нәрселерді меңгере алмай-ақ қойдым. Келесі қыстырылар суреттерде де дәл осы мерзім бар, айып болмасын әркадашлар
omarbirat
6.«Жер — домалақ» деген рас екен
Соңғы суретке қарап, мен де рас екен деуге сәл қалып тұрмын. Соңғы суретте орамал тағып отырған кісіні біреуге қатты ұқсатып отыр едім.
Qojeke
Суреттегі уақытқа қарап, «Уақыт машинасына сенемін» дегеннен басқа ойлай алмадым
omarbirat
@TERISKEY, жоғарыда мен жазған кісі аудармашы болып істемей ме, сұлучайні?
TERISKEY
иә, аудармашы болып істейді, omarbirat
satvaldo
қытай болған қалай екен? ))) ал бiзге «жапонлара бак» деп мазга тоңқайтқан ет былтыр. соған сүйiктiм әжептәуір шамданған болатын, кәзір мындағыларды оқып «чинлере бак» демегендеріңе шүкiр етiп отыр қасқа ))) без обид…
edige
Симитке пейнір /ірімшік/ қосып жеген тәтті…
Сапарың сәтті болсын… Рахманжон дейтін ба пицаға ұқсаған тамағын ұнаттым қандас бауырлардың.

Қызкалесы дейтін ба /атын дұрыс жазбасам айып етпеңдер/ бар еді гой, соны көргім келіп жүр. Казірде ресторан дейді ма соны.
Пікір түзетілген: 13 маусым 2011, 08:38
Dinara
сіздің айтқандарыңыз пиццаға ұқсайтын Лахмаджун мен аңызға айналған Қызкулесі
Zilola
Жарайсың!!! Басқа жақта да өмір бар екен десей
Dinara
өмір болғанда қайнап жатқан өмір  Еуропаның Қытайы дегенге еріксіз сенесіз
Rozatai
Мебек, менің де барғым кеп кетті ғой тух! шіркін-ай, не деген әдемі жерлер! елге аман-есен оралыңыз, аға!
aktobe88
Fazla söze gerek yok. күчті. Мешіттердің тарихын да менен артық біледі екенсің(ұялып кеттім).
Пікір түзетілген: 13 маусым 2011, 17:47
aktobe88
Ердоганның хет-трик жасайтынын сезгендей-ақ түсіпсің ана суретке.
KILYZAMAN
… Негізі, түріктерде тарихи жерлер өте көп екен, сонысымен қоймай олар болмашы нәрсені де үлкеееен тарих санап, жан-жағын тарс қоршап, мемлекет қарамағына өткізіп, мұнда жол алған туристердің негізгі нысандарының тізбегіне қоса салады екен, осылайша-ақ, мемлекет бюджетіне қаржы құйыла береді, құйыла береді
-Жеріне еліне деген махаббаттың қайтарымы деседе болатын шығар…
edige
Ердоганның «One minute» деп тұрғаны шығар…
Arhun
Шіркін, анау тұрған Айя -София мешітін бір көрсем ғой
Түріктердің осы жерді кезінде басып алғандары дұрыс болыпты
Енді қазыр қызығын көріп отыр…
Пікір түзетілген: 14 маусым 2011, 09:43
Arhun
Теріскей, сөздері қалай екен? Саған түсінікті болды ма?
TERISKEI
иә, @Arhun брат, солардың тілін білу арқылы соңғы 5жылдықта нан тауып жеп жүргенім бар еді
Arhun
үй, өңкей /нан тауып/ жегіштер!
Dzhuli
охой, неткен позитиффф! күшті
omarbirat
Мықты жер сияқты. Биыл, келесі жылы демей-ақ қояйын, Түркияны алдағы бес жылдықтағы демалыс жоспарына қосып қойдым. Оған дейін де, одан кейін де аман-есен болсақ
sammita
Омарбырат-ау, Бурабай, Сарыағаш сапары 5 жылдықтағы жоспардың нешінші кезеңі еді, неге бармайсың, ә
Репортажыңды асыға күтіп жүрміз
Arhun

күлген кездерінде бір жерлері ұқсайтын секілді…
aktobe88
Нермин бе еді, не еді анау қыздың аты, ұмыттым. Көршісі қазақ болған шығар:-)
TERISKEI
өзі сондай мәдес қыз екен, елпілдеп, адамды риза қылып тастады
aktobe88
айналып кеп сені суретке түсіре бергенін айтшиш бәрінен:-)
AKA
  /өлдім күлкіден/
sammita
осылай ел/жер көріп, біліміңді шыңдап сапарлатқаның жөн болыпты. Өзім барып келгендей болып отырмын Демалысты ұтымды пайдалана білейік, уа, халайық!
temir1986
қазақ дегенді түсінбей қытай дей берсе тарихтан хабарлары шамалы екен.