Teriskey туралы жазба

Кеше емес, алдыңғы күні Ыстамбұлға Teriskey келген-ді. Қарсы алуға барғанда «Ататүрік» айырапортындағы алуан адамның ішінен жазбай таныдым. Көрмеген бір жылдың ішінде түк өзгермепті. Сосын, көрер көрмес қалжыңына басты. Әпкесі мен жездесі, қарындасы төртеуі келетінін айтқан еді. Олар Киевте қалып қойды, документінде проблем шығып дейді. Және жазғанның түрі бір өзгермейді-ау, сып-серъезны айтады. Мен сеніп қалдым да шошып кеттім. Сөйтіп бір қорқытты. Сонымен көрістік, ауыл-елдің жаңалығын есіттім, жарты жолға дейін бірге бардым да, өзімнің жатақханамның жанынан қалып қойдым. Оларды Шыңғыс дейтін біздің қара бала(Ыстамбұлдың авторитеті) жайғастыруға алып кетті. Сосын кеше жүздесіп, Долмабахче сарайына барған едік, кеш қалыппыз, одан шығып, Yerebatan sarnısı дейтұғын музейге келдік. Османлы заманында су қоймасы болған екен дейді, ешкім айыпқа бұйырмайтын шығар, Ыстамбұлда болған екі жылдың ішінде аталмыш тарихи орынға бір де бір рет бас сұғып көрмеппін. Teriskeyдің арқасында оны да көрдім. Расы керек, аса қатты ұнай қоймады, әлгі мекен.
Тақырыптан ауытқып кеттім ғой деймін, әңгіме негізі Teriskey туралы ед. Сонымен, Теріскей келген күннен бастап әңгімесін kerekтен бастады. Жаңа шығарып салғанда да сонымен тәмамдады ғой дим, қателеспесем. Сонда дим да, мен таныған төрт төрт жылдан бері kerek болмай тұрғанда не туралы әңгіме айтатын едік-ей? Есіме түсіре алмай қойдым.
VKM сізге айрықша сәлем, құлағыңызды біраз шулаттық қой деймін. Керекке көптен кірмей кеткесін, оның үстіне қолданушыларының да саны артқасын шатастыруым немесе танымауым заңды. Make, тойыс, Takeнің арқасында сізді де жақсы танып қалдым:-)
Кеше сондай-ақ Сұлтанахмет мешітіне де бардық. Онан шығып Teriskey әпкелерімен Бұғаз-тур жасауға кетті.
Бүгін Айясофия музейіне бардық. Онан шығып Топкапы сарайына. Одан кейін біздің, яғни студент қазақ балалардың сүйікті мекені бар-ды, қорқор тартатын. Аяғыңды шешіп тастааааап, жантайып жатып, түрік дөнерін, дүрімін, лахмаджунын жеуге болатын аталмыш мекеннен түстеніп, Теріскейлер Бурсаға аттанып кетті.
Неше күннен бергі емтихан сұрақтарына, өздері де жүйелеп білмейтін Түрік медиасын жеті атаңнан артық жатқа білуді міндеттейтін Атилла профессордың сабағына(Türk medyasının tarihsel gelişimi)толы басымды демалдырып, позитив сыйлаған Теріскей сөйтіп Бурсаға кетті. Ары қарай Коня, Анталия.
Айтпақшы, осы жердегі көп қолданушы секілді суреттен ғана білетін қарындасын да көрдім. Сүп-сүйкімді екен расымен. Тіфә-тіфә.
Менің жазбам осымен тәмам. Фотоаппарат Теріскейде кетті де, сурет қою мүмкіндігінен ада болып отырмын. Кейінірек міндетті түрде қоям.
Бөлісу:
  • 28

41 пікір

AKY
@VKM, не дейді?

Шыңғыс деген Астаналық жігіт емес пе?
aktobe88
ya, sol Shyngys))))
Aizhantabyn
осы есімді естісем, дір етеді жүрегім)
madlen
Айжанның атақты экс-бойфрендінің есімі белгілі болды
balzaminka
хгмм, «Н»-нан дегені есімде еді
VKM
VKM сізге айрықша сәлем, құлағыңызды біраз шулаттық қой деймін.
Рахмет, сәлем алдық.@aktobe88, сен Түркияда ма едің? Не деп шулаттыңдар, айтчы?
aktobe88
ony… Teriskeydin ruhsatynsyz ayta almaymyn. shet jagasy belgili goi endi.
Altygradus
күйеу баламның күЧт демалуына тілектеспін
qisyq
Неге күйеубала? Саған күйеубала маған да күйеубала ғой.
Altygradus
енді @VKM сестренка ғой
VKM
Жанна… мен сендікпін©
qisyq
Ох, Теріскей попал… Наймандарға күйеубала болуды көрсетейік))))))))))))))
AKY
інімнің күЧт демалуына тілектеспін
aktobe88
sizdin de ininiz ba ne? onda siz menin apkemsiz.
AKY
Ия, рулас қой)) Сен де Тамасың ба, сонда?
aktobe88
жоқ. Әліммін. бірақ маған кіші жүздің бәрі тума))).
Пікір түзетілген: 11 маусым 2011, 20:55
konvict
Қыздар жүрегін жаулаудағы қарсыласыма күЧт демалуына тілектеспін
Dinara
Жақсы демалыстар Теріскейге жүрген жеріңде осылай таныстар болғаны қандай керемет десеңші 
Мен де 4 күн бұрын келдім Ыстамбұлдан, Топкапы сарайында жөндеу жұмыстары жүріп жатыр деген соң бармаған едік, ашық пекен?
aktobe88
Jok ashyk eken. men kirmedim. Teriskey onday ewtene ayta koigan jok edi.
Dinara
Ankaraga kelip jatsanızdar habarlasındar  shildenin ortasına deyin burdayım inshalla
aktobe88
Ankaraga baram demegen siyakty. men baram, shildede. tolygyrak jekege jazarmyn
Aikona
Бұлай әділдік емес суреттер қайда???  Теріскей жақсы демал!
aktobe88
Osy kuni suretsiz jazba kabyldanbaytyn bolgan ya? . Keyin mindetti turde salam Aykona.
asaubota
мақаланың жалғасын каттың астына салсақ?
VKM
Мен де Теріскейге күЧт демал деймін,қыздардан қалмай)))
aktobe88
sen Teriskeyge salem aytpaysyn ba ne? ol birmewe virtualdy alemnen alys bolad. tak 4to, joldap koi, maz bop kalsyn. mindetti turde jetkizem.
edige
Сапарың сәтті болсын Бауырым!!!
19852407
«Садық ұста», «лахмаджунын»… қай-қайдағыны еске түсіріп..
manfan
дынды демалып қайт, Теріскей деймін мен де ел қатарлы
Erkekyz
@TERISKEY мен @TERISKEI екеуі бір адам ба?
Жақсы қыдырып қайтсын деп тілеймін.
balzaminka
осы сұрақты көтеруін көтеріп алып, жауабын әлі ьаппай жүрмін. Сонымен, екеуі бір жан ба?

Естен кетпес жақсы демалыс болсын деп тілек білдіремін Теріскейге
aktobe88
аха. Екеуі бір адам.
aza
не бір замандар өтіпті ғой