• 11

WSB жаңа формат ұсынды, Астана арландарын жаңа маусым күтіп тұр



WSB сериясы биыл басқа форматта өтетін болыпты. Жаңа 2 команда қосылған: Үндістан және Германия командалары. Барлығы 12 команда 2 топқа бөлінеді. Әр топтағы командалар бір бірімен өз алаңында және сырт алаңда кездесіп шығады. Сосын әр топтың үздік 4 командасы плей-оффқа шығады. А тобының 1-шісі Б тобының 4-шісімен шығады, сәйкесінше 2-шілер мен 3-шілер кездеседі.

А тобы:

«Dinamo Moscow»
«Milano Thunder»
«Astana Arlans»
«Pohang Poseidons»
«Los Angeles Matadors»
«Mumbai»

Б тобы:

«Istanbulls»
«Paris United»
«Beijing Dragons»
«Baku Fires»
«Miami Gallos»
«Germany»

Біздің алғашқы ойын 11 қарашада сырт алаңда «Los Angeles Matadors» командасына қарсы.
Ұнады

Пікірлер (14)

RSS жабу / ашу
Астананың арландарына жеңіс тілеймін!
0
  • avatar
  • AKA
  • 01 тамыз 2011, 19:33
жаңа форматы қызықтырақ сияқты екен.
Ауыр салмақта жақсы легионерлер шақырсақ жақсы болар еді.
0
 Дені дұрыс легионерлер өте қажет
0
Париж юнайтедпен финалда кезігіп, жеңейік!
0
Финалға жеткізбей ұшырып жіберсек, тіпті қуанар едім
Оған дейін Бакудың командасынан аман қалса бұл недоманчестерлер…
0
финалдық кездесуден барлық қателіктерді ескерер деп ойлаймын. Менеджмент, төрешілермен қатынас.
Бакудың түркі бауырларамызға да сенейік, Юнайтедті құлатып берсін.
0
Олар точно құлатады  Біздікілердің тобынан, мықтыларын қосса, орыстардан мықты бәсекелес шығуы бек мүмкін. Итальяндықтар бар сосын. Үнділер бейтаныс команда болғандықтан, олардан бірдеңе күтуге болады (соңғы кездері олардан да боксшылар шығып жүргенін байқағандаймын). Элэйліктер қауқар көрсетсе көрсетті, көрсетпесе… Кәрістер — мешок
0
Кәрістің Посейдондарын нокаутпен Аид патшалығына жіберуге болатын шығар.
Иә, бірінші топтан шығып алайық та. Парижды сосын көреміз.

Баку құлата алса, осы жылы неге өтпеді? Осы жылы оларды Арландар құлатты ма?
0
Финалдағы Арландар сияқты, олардың да жолдары болмай қалды. Арландар Бакудың командасын әрең жеңді ғой. Топтың ішінде рейтинг бойынша бірінші орында Баку, екінші орындар Арландар болған. Арландар екінші орындардың ішінде үздік шыққан команда ретінде екінші кезеңге шыққан болатын.
+1
Е-е, онда Бакулықтармен ең аяғында жолыққанымыз абзал екен.
0
Топтың ішінде рейтинг бойынша бірінші орында Баку
Топ деп қоямын, бүкіл командалардың ішінде Бакудың рейтингі ең жоғары болып тұрып еді.
Жеке есеп бойынша жеңілістер саны ең аз команда «Астана арландары» болды  Финалда француздардың жолдары болып кетті. Баку финалға лайық еді, амал нешік, бұл — спорт…
0
Астана Арланс тегін команда емес екенін Бакуды жеңуі арқылы дәлелдеді. Ал Ал Париждықтарға жеңілуі… кездейсоқтық әлде төрешілердің «көмегі».
0
биылғы формат жақсы сияқты, матч саны көп болады. және плейоффтағы қарсылас әлсіз болу үшін алғашқы екілікке талас мықты болады. ал жақсы легионер таңдау жеребеге байланысты. драфтқа шығарылған легионерлерді жеребе бойынша кім бірінші таңдайды, сол жақсыларын алып алады. әрине бұл жерде аздап сәттілік те керек.
0
Биылғы маусымға Бақыт Сәрсекбаев пен өзбек легионер Сардор Абдуллаев қатыспайды екен. Қанат Сіләм — фаворит. Барлығы еңбекқорлығы үшін Қанатты мақтап жатыр.
0
Тек тіркелген және сайтқа логинімен кірген қолданушылар ғана пікір жаза алады.