Ашық хат

Керекинфо еркін блог жүйесінің админі
Аршат Оразовқа!
Керекинфо еркін блог жүйесінің қолданушылар
рейтингісінде үшінші орында тұрған
Әбіләкімге!
Керекинфо еркін блог жүйесінің қолданушылар
рейтингісінде төртінші орында тұрған
Патикке!
Керекинфо еркін блог жүйесінің қолданушылар
рейтингісінде бесінші орында тұрған
Гастербайтерға!
Күллі керектіктерге!
Барша Керек жұртына!


Ашық хат

Үстіміздегі 2012 жылдың 24 қаңтарында, сағат 18:47-де жоба админі, asaubota деген никпен жүретін Аршат Оразов осы уақытқа дейін 850 рет оқылған (хат 2012 жылдың 3 ақпанында Астана уақыты бойынша сағат 13:32 жазылды), Админнің бөлмесі қауымдыстығында жарияланған «Тағайындау» атты жазбасында Керекинфо еркін блог жүйесінің қолданушылар рейтингісінде екінші орынды бермей келе жатқан Сатыбалды Багратионұлы Кербабаевтың сайт басшысының өкімімен КерекИнфо сайтының Модерация қызметінің бастығы қызметіне тағайындалғаны жөнінде мәлімдеді.

Аталған тағайындау Керекинфо еркін блог жүйесінің қолданушыларын екіұдай сезімге түсірді, бірнеше топқа бөлді. Мәселен konvict атты қолданушы «очм, бұдан кейін мыняқа кіруге желание болмайды десеңдерші. еркіндікке не жетсін» деп пікір қалдырса, meirzhan «Ол кісінің өзінің кейбір пікірлерін модерациялау керек қой. Енді пікірлері мен посттары өзгеретін шығар. Бұрынғы лапылдаған өртті көре алады ма екенбіз? Әлде салқындалықпен өшіріп отырар ма екен? Кім білген…» деп өзінің күмәнін жасырып қала алмады. Алайда, жаңа басшылыққа тағайындалған satibaldi-ға жағымпаздану әрекеттері де болмай қалмады. Мысалы, Zilola «Баска баска, мырзамнын канатынын астында болган жаксы, барынша флудтамауга соз беремiн» деп әу бастан-ақ өзінің жоғары жаққа жақын екенін сездіртіп, сеніміне кіруге талпынса, TOTY «Сатекеңнің тағы ұзағынан сүйіндірсін!» деп тағайындауға өзінің риза екенін жеткізді.

Шыны керек, алғашында Қазнеттің ардагері, тілі семсер, пікірі ұстара Сатыбалды Багратионұлының сайт модераторы болуы бізді қуантты әрі үміттендірді һәм қанаттандырды. «Осыдан кейін «Керекинфо шаң мен шудың ортасына айналды, бос сөз көбейді» деп жүргендердің аузына құм құйылады-ау» дестік. Тіпті, сол күні қуанғаннан көшенің жігіттері жиналып, бас қосып, «братанның орны құтты болсын» айтысып, тойлағанымыз да есімде.

Алайда, қуанышымыз ұзаққа бармады. Сол тағайындау болған сәттен бастап бір аптадан астам уақыт өте сала satibaldi дандайсуға көшті. Аз ғана уақыттың жеке өзінің 12 (!) жазбасын жариялап үлгерген ол әлден соң басқаларға пысқырып қарамайтын болды, өзіне қажетті, теке жеке басына қатысы бар хабарландырулар да жариялай бастады. Осының алдында ғана админнің негізгі бетке өту шарттарының бірі – дауыс санын 20-ға дейін жеткізу тек өзінің ғана мүддесін көздеген Кербабаевқа бөгет бола алмады, ол жоғарыда айтылған он екі жазбасының 11-ін (!) алғашқы бетке шығарды. Жазбасын ынталанып оқитындардың бағасы жеткізді дейін десең де, әр материалдың алғашқы бетке шығып отыруы көңілге күдік ұялатады екен.

Сол күдігіміз орынды болыпты, жүре келе Модерация қызметінің бастығы тіпті де өршеленді. 20 дауысты былай ысырып қойған ол, өзі жазған жазбасын басқалар қаласын-қаламасын алғашқы бетке жариялайтын болды. Мәселен, оның соңғы "Марк та мәңгүрт екен..." атты жазбасы жалпы саны +5 алып отырғанына қарамастан (хат 2012 жылдың 3 ақпанында Астана уақыты бойынша сағат 13:32 жазылды), басты бетте ең бірінші болып тұр.

Аталған, жайттардың бәрін қорытындылай келе, Сатыбалды Багратионұлы Кербабаевтың, шын мәнінде, жеке басқа табынушылыққа ұрынған, жалғыз өзінің ғана қамын күйттейтінін, адамдар достығы, азамат құқығы секілді түсініктермен таныс еместігін, мақтау мен жылы сөзді сүйетінін көруге болады. Осы факторларды негізге ала отырып, біз, Керекинфо еркін блог жүйесінің әділдік сүйгіш, нағыз патриот, тума таланттары Админнен Сатыбалды Багратионұлы Кербабаевтың емін-еркін тайраңдауына тыйым салуды сұраймыз, талап етеміз.

Біз сайтты ашып қалған кезде мәнсіз, мағынасыз, жеңіл жыртың мен орынсыз ыржыңға бағытталған, халықтың кем дегенде 20 дауыстық бағасын алмаған және бірінші бетке шығуға лайық болатындай ақпараты жоқ Сатыбалдының жазбаларын көргіміз келмейді.

Біз монополияға жоқ дейміз!

Біз тамыр-таныстықты, бармақ басты, көз қысушылықты жоюға шақырамыз!

Құрметпен,

Әбдүлдуәйім Ыржақай, Керекинфо қоғам қайраткері, жазушы, ақын

Ындық Ондық, Жұңғо керекинфошылары одағының өкілі, ақын

Сәбилібай Селкілдекұлы, Керекинфо Заңгерлер палатасының мүшесі, қоғам қайраткері

Айқой Ейқап, «Старс файтс» жобасының жетекшісі, әнші, рэппер

Дандағұл Үжуәлбек, пікір-каратэден екі дүркін Керекинфо чемпионы, флудшы

Шамашуда Шимашаги, «Кукуруза» жапон ресторандар желісінің Мастұр батыр-Антуан Шәріп хан көшелерінің қиылысындағы ресторанында администратор, жазушы

Сейтолк Қайыртов, қоғам қайраткері

Қиырым Ізімбаев, Дабай.кз сыйлығының лауреаты, суретші, әртіс, әнші

Барлығы 19 адам қол қойған. Қол қою жалғасуда
Бөлісу:
  • 62
  • 2

99 пікір

asaubota
білә…

(сасқанымнан ауызға басқа сөз түспей тұр...)
sammita
жауап хат күтеміз
asaubota
білмеймін не дерімді. өз қызметін асыра пайдаланғаны үшін бабымен шығарып жіберейін бе Сатыбалды деген оңбағанды?
sammita
«келісіп» Қисыққа жаздырып ал
(смайлды бей-берекет қолданады деп іренжіп жүрген жоқсың ба, әлгі неңе ауырлық етпей ме))))))))))))))))
sammita

неткен сауатты ашық хат! Қисық (Құдайым-ай, осы смайлды пайдалануға да мәжбүр еттің бе)
Zhan
Жүрегімді кім болсын соған алып жүгірмеуші едім. Мына жазбаң үшін саған өмір бойы ғашық болып өтуге болады екен  Баспасөз бетінде қанша ашық хаттар оқып жүрсем де дәл мынандай шедеврді көрмеппін.
Шамашуда Шимашаги, «Кукуруза» жапон ресторандар желісінің Мастұр батыр-Антуан Шәріп хан көшелерінің қиылысындағы ресторанында администратор, жазушы
sammita
тілеулес подружка, кешіктің-ау сен
Zhan
Кешіксем кешігем де. Онда тұрған не бар? Шамашуда Шимашагиға айтып берем сені жыныма тие берсең. Кезекті бір домалақ арызын жазарда сені де қосып қойсын жамандап
AKY
Не жырқыл осы сендердікі?
зы: Қисық менікі.
patick
Қисық менікі.
дегенде қыз-келіншектер орындарын тұрып, сиырларын қайтадан сауа бастады. AKY ғана бүйірін таянған күйі тұра берді — оның сиыр сауатын машинасы бар еді
Janasil
Не деген сауатты ашық хат.
/ Бір кісілер өтініш білдіретін шығар жақында, «20 ның хаты»,«21,5 тің хаты» дегендердің жалғасын шығаруға./
satibaldi
Бибігүл апай бұған да қол қоймаған ба?
Abilakim
Жабық хаттардың ашық хатқа айналу сериясынан ба деп келсем
AsanQaigy
Барып тұрған көре алмаушылықтың айқын белгісі. Нағыз қазақи мінез!!! Үстінен арыз жазу, мәлімдеме жасау… Стаыбалды "Құрылтайда" сөйлеген кезде барлықтарыңыз ауыздарыңызды ашып, сілекейлеріңіз КИМЕП-тің үстеліп «полеровать» еткен еді ғой. Енді не болды?
qisyq
Сатыбалды Құрылтайда болған жоқ Нағыз қазақи мінез!!! Ақпаратты тексермей, ести сала әйтеуір айту, арғы-бергіге бойламау…
P.S. Ашық хатқа сеніп отырмын демеші тек
AsanQaigy
Домбырамен ән айтқан ол емес па?
nurbergen_makym
Ешкімге айтып қойма тек. Өзі сондай саморекламамен айналысатын адам. Қаззақтардан жұқты білем, о мінез
qisyq
Ә, ия, болыпты ғой, айтпақшы, кешір
satibaldi
Шамашуда Шимашаги, «Кукуруза» жапон ресторандар желісінің Мастұр батыр-Антуан Шәріп хан көшелерінің қиылысындағы ресторанында администратор, жазушы
nurbergen_makym
Лібә, басын оқып «Бұл — Қисықтың қай сасқаны» жылТ етті, нақ
qisyq
Қойш, өзгеге қисам да, өлімге қимайтын, Сатыбалды ғой.
Gastarbaiter
не айтып кеттің зайып ал, ақталма деп отырып өзің ақталып кеттің бе? Бізге оның қажеті жоқ, ал күндестік көрген адам бәрібір сенбейд.
qisyq
Жоқ, ақталған жоқпын Нұрбергеннің пікіріне жауап қой
Armanjan
Сатекеңді бірнеше күнге Гуантанамо зынданының полын жуып келуге жіберу керек!!!
AsanQaigy
Daniar-Alan
лібәә )) Шымкенттің әкіміне дәл келіп тұрғанн қараш )
zhanara2013
Кетч, жынды, Аким каласына киргизбей кояд…
AsanQaigy
sammita
бітті темір тостағаныңды дайындай бер
Zilola
әбіл, бақытты шығарсың!
Gastarbaiter
Смайлдарға шектеу қою керек сияқты. Үшеуден артық емес.
1смайл — Күлкілі базар жоқ.
2 смайл — Бля, бұттан кетті
3 смайл — Мониторды сүзіп құладым, дамбал кеппеді, ішек құрт қалмады, шешес тағы кетті, микрофлорасымен ағып кетті, құлақ шекеден кетті т.б
konvict
Мен де қосыламын. Конвикт Эйконбаевич, konvict@gmail.com

П.С.
bekmur
Satybaldy myrzanyn jana moderatorlyk kyzmeti bizgede auyr tiip jatyr. 2011de bastalgan saitymyz ali bitpei jatyr)))
meirzhan
Пародия деп айтқанмен астарлы ақиқаты менмұндалап тұр.
Zako
Саяси астары бар. Админ Қисықты Сайттың тұтастығын күшпен бұзуға үгіттеді деген баппен айдап жібере алады
Vikilikas
Сатбалды деген үнемі дөрекі сөйлеп, мазақтап аузына келгенін оттап жүретін адам емеспе?
Zako
Әскерде болып көрмеген адамның Дәруішөлгеннің қорғанысына жауапты министрлікті (ДАР Қорғаныс министрлігі) басқаруының жанында Сатыбалдының сайт басшылығына келуі неге тұрады?!
sabalak
дворцовые интриги!!!
qisyq
Аха, қазір қылышымның жүзін қайрап келейін паригімді дұрыстап
dark_nazgul
Ох, ох, ғашықпын саған!!! ©
Керекке тұрмай қалғандар кіргісі келмей қалғандар да кіріп кетіпті ғой, мынаны көріп…
qisyq
Керекке тұрмай қалғандар кіргісі келмей қалғандар да кіріп кетіпті ғой, мынаны көріп…
замысл удался
boztorgai
запорождықтардың түрік сұлтанына хат жазып отырғаны елестеп кетті.
қараңыз: репин.1891 жыл
qisyq
Репин: Сол суретті бекер салғам екен, бүйтіп қор қылмай
VKM
 Қисықтай жазу мүмкін емес, ол талант,1-ақ дана)
sammita
Ал сатыбалды ше:
VKM
Ол да талант, тек жазу стилі басқа
Jacqabaies_Chirac
пародия
… дегенмен де көру-, есту-, иіс сезу мүшелерінің мүкісінің мүңкіген иісі ұрып тұр нақ
Gastarbaiter
Былай ғаламторда интрига, авантюра болмаса да қызық емес)
Елу төрт плюс жинағанына қарағанда, жақтаушылар арасында үндемей жүрген «жәбірленушілер» де болған шығар.
Исаның голгофада айтқаны есіме түсіп кетті. Бұ аудиторияның көтеруі де бір сәт, мән жайына бармай, тапап өлтіруі де бір мезет, боқ дүние-ай...
qisyq
Лібә, Гаста, шынымды айтсам, ішім пысып кетті
qisyq
Аха, Сатыбалдыны көре алмай кеттім
Jacqabaies_Chirac
лібә енді өтірік болса да кішігірім соғыстың ырымын жасасаңдаршиш нақ, өлдік қо нақ тым- тырыс
Пікір өшірілді
VKM
Сайтта отырғандарды қарасам,1 сағат болды, сатыпалды екеу болып тұр)))
satibaldi
Е, анау менің күндесім ғой. Қайтсін енді.
zhana
Ошір Сатыбалды Кербабаев туралы
жана ғана тіркелген Сатыпалды деген никті ешқандай ескертусіз, ол никпен алі пікір жазбай ақ өшіруін қалай түсінуге болады?
Бұл посттың тағы өшірулі болатына сенімдімін.
Zilola
деп әу бастан-ақ өзінің жоғары жаққа жақын екенін сездіртіп, сеніміне кіруге талпынса
Не жаздым мен жаным саған ©
asaubota
дәстүр бойынша бұл ашық хат та наққа жіберілді ау деймін.
VKM
оооойййй, тамаша ашық хат.Оқып, позитив болып тырмын. Біздің «Керекке» бәрібір ештеме жетпейді!
torgai
Мына мәселе әлі өзекті сияқты)))
Daniar-Alan
Бір тырқылдап алдым щщс
sammita
осындай небір дариға-дәурендер өтті ия
qisyq
Жақында. Екінші бөлім.
asaubota
қанағаттандырылды ғой ақыры. өзімнен басқа ешкм админ емес
ken
Лентада бір қате шығып тұр.
4 сағат бұрын
ademi_alem жаңа тақырып бастады БАҒДАРШАМ

— деп тұр. Бағдаршамды «осы сәтті түсімде көрген сияқтымын» деп отырып оқып шықтым. Сөйтсем асты толған 2012 жылғы каменттер. :D
ademi_alem
Мен оны оқып отырдым да бір сөздің екі рет қайталанып кеткенін байқап, бір сөзін өшіріп тастап, „Жариялау„ дегенді басқам. Сол үшін солай шықққан шығар. )))
asaubota
күтіп жүрмін дірдір етіп
qisyq
Блокнотта жатыр нобайы, қорық)
asaubota
арызқой Найман! *lol*
Saniya
«Керекинфо еркін блог жүйесінің қолданушылар
рейтингі» қазір бұл рейтинг жоқ па?
MERmukhanov
Saniya
Рейтинг болса, осындай болсын!
MERmukhanov
Медиум 46, Мермуханов 50, Бөрібай 74 орында екен :)
Үшеуі де құрметті қолданушы бірақ :)
Basic
Админ мырза үшін Up