"Ғаламарт" - шығармашыл жастар клубы!

Сөйтіп шығармашыл жастар клубының бейресми ашылуы болып өтті. Өткізетін орын тауып берген суретшілер одағына алғысымызды білдіреміз! Алдынғы посттарымның бірінде клуб атын ойластырып жатқанымызды айтып кеткен едім. Ойланып, толғанып ақыры "Ғаламарт" болсын деп шештік. Бірінші кездесуге жиырма шакты адам келер деп үміттенген едік, ұзын саны елуден асып кетті))

Бір бірімізді көріп отырайық деп орындықтарды айналдыра қойып шықтық.

Жиналған қауым.

Клуб жетекшісі Алмас Мустафаев клуб мақсатын түсіндіру үстінде…

Ағаларымыз сырттан бақылап тұр))

Айтпақшы Салтанат келген (Балғырған). Бірақ орын жетпей қалды))
Өкініштісі шақыртқан, күткен адамдарым келмеді. Клубка тек суретшілер емес, барлық өнер саласындағы адамдар жиналса деп едім… Болашақта жинала жатар деген ойдамыз! Келем деушілерге есік ашық! bekmur83@mail.ru осы жерге хат жазу арқылы хабарласа аласыздар.
Бөлісу:

20 пікір

balzaminka
Cәттілік клуб жұмысына!!!
urimtal
сәлем! негізгі мақсаттарыңды түсіне алмадым. Өткенде жобасын көрсетіп едің. Ниеттерің түсінікті ғой. Енді нақты қандай шаралар атқарасыңдар дегенім ғой… Шығармашыл жастардың әлеуметтік жағдайын жақсарту ма, әлде олардың шығармашылықтарының насиахатталуына көмектесу ме? Нақты қайсысы мәселе қазір өзекті? Әрі оны шешудің жолдары қандай болмақ? Заңды түрде тіркеліп пе едіңдер?
bekmur
maksat shygarmashyl jastardyn basyn kosu,atkaratyn shara nakty bir jobalardy iske asyru. Tirkelu jasalgan jok. Azirge resmi ashylu bolgan jok. Jane klub suretshiler odagynyn janynan kurylgan…
urimtal
рахмет. Негізі ресми тіркелгендерің жөн тәрізді. Менің тарапымнан қандай да бір көмек қажет босла, айтарсың. Барынша қолдау білдіруге әзірмін!
bekmur
Ulkeeeeeeeeeen komegin kerek)) Suretshiler internetpen dos emes( Trening otkizip bersen jaksy bolar edi. Resmi ashyluyna dein tirkelip ulgiretin shygarmyz.
KILYZAMAN
Дос болғандары да бар екен мына жерде
sigma
Келгендердің көбі жабық позада отырғанына қарағанда, кездесу орташа (5-к шкаламен 3) деңгейде өтті-ау деп топшылап отырмын
Gastarbaiter
Лейл Лаундес пен Алан Пиздің үздік шәкірті анықталды:)
monti
алға қойған мақсаттарыңа жетіңдер! постар күтеміз алдағы уақытта. болған/болатын шаралар жайлы ;)
ardakkatarbayev
Барлық бастамаларың сәтті болсын!
Huan
Қадамдарыңызға сәттілік, ал ендігі мәселе?
KILYZAMAN
Міне, міне! Осылай, осылай! Орны бар оңалады түбінде. Нндігі қалғаны — мақсатты айқындап, межені белгілесе болғаны. Тамырларың нәрлі болғай.
KILYZAMAN
Гончарное ремесло дегеннің қазақшасын қалай айтамыз? Әне бір саз балшықтан түрлі құмыра жасау әдіс амалдарын білетіндер болса… Ой бөліссе деген ОЙ
sammita
қыш-құмыра кәсібі
KILYZAMAN
Рахмет! Ал енді, гончарный кругты қалай айтамыз?
satibaldi
құмырашылар кеңесі
bekmur
bizde korkem kysh dep ataityn koledjde
KILYZAMAN
Бекмур, осы барғой — полимерная глина тағы сол сияқтыланып кете беретін топырақтар жайлы бірдеңе білесіңбе? Мүсіншілердің көп қолданатыны қайсысы?
bekmur
polimernaya glinany kobine suvenir jasauga koldanady. Kasibi musinshiler arnaiy sazben nemese plastilinmen jasaidy. kein baska materialga kowiredi. Polimerdi glinany Abdi sauda dukeninen aluga bolady. Al koldanuy jaily internette ote kop jazylgan…
ASIYA
Мынау тамаша идея екен! Сәттілік болсын!