Warning: Undefined array key "layoutNav" in /var/www/vhosts/oho.kz/kerekinfo.kz/application/tmp/templates/compiled/valley/9d43076a3016464075f621d27b163a3f73021152.file.topic.tpl.php on line 252

Warning: Attempt to read property "value" on null in /var/www/vhosts/oho.kz/kerekinfo.kz/application/tmp/templates/compiled/valley/9d43076a3016464075f621d27b163a3f73021152.file.topic.tpl.php on line 252

Ердақын Ырсаечтың агенті мен әйелі

Ердақын Ырсаеч жұмыс көлігін тұраққа қойып, алынғанына екі-ақ ай болған Toyota Camry-дың есігінен гүрсілдеп, әрең түсті де, кеңсеге беттеді. Жуан қарын сары портфелі салп-салп етіп аяғын ұрып қоймаған соң, көтеріп, қарнына қойып, қапсыра құшақтап алды.

«Саламатсыз ба, Эрдакын Ырсаеч», «Ердақын аға, ассаумүким». Офис-менеджер болып істейтін құдасының кіші қызы мен күзетші қылып алған ауылдағы жамағайынының баласы орындарын қатар тұрып, жамырай сәлем берді. Бұл әдеттегідей қабағын қарс түйіп, сәлем алудың ырымын жасады. Жасады да түкпірдегі өзінің бөлмесіне беттеді. «Тұрдыбатқұлов Ердақын Ырсайұлы» деген жазуы бар есіктің ар жағында кішігірім сақтандыру компаниясының директорын ертегі әлем күтіп тұрған болатын…

Интернет дейтін ит-әуресі көп дүниемен Ердақынның танысқанына екі-ақ ай болған. Онда да жоламас еді, мұның компаниясы кіретін бизнес-құрылымының басшылары есеп-қисапты поштамен жібер деген бәле қылған соң меңгеруге тура келді. Алғашында, «поштасы нес» деп «Қазпошта» жағалағаны бар-ды. Қазір онысы есіне түссе, көлемді қарнын селкілдетіп күліп алады. Күліп алады да «Әй, сауатсыздық-ай, әй, қараңғылық-ай» деп басын шайқайды.

Он үштегі қыздай таза жаңа компьютеріне орнатылған алғашқы бағдарламалардың бірі агент болды. Офис-менеджері тық-тық етіп бұған жеке электронды пошта ашты, агентіне өзін, күні-түні ұялы телефонынан көзін алмайтын күзетші жігітті, мұның әйелін (ол қайдан біледі десеңші агентті!), бала-шағасын, жұмыстағы басқа қызметкерлерді топырлатып қосып берді.

Сол-ақ екен, Ырсайдың ортаншы ұлының құдайы берді. Күні бойы кабинетінен шықпайды, телефонды да тек қажетті жағдайда көтереді. Жұмыстағыларға агентпен «выышть» деп бұйрық беріп қойып отырады. «Әй, осы орыстардың таппайтыны жоқ қой» дейді ара-тұра, қатты риза болғанда.

* * *

«Еркек қырыққа келгенде құтырады» деген рас-ау, соңғы кезде Ырсаеч өткен-кеткен ұзын сирақтарға көз тастайтынды шығарған. Бұрын біресе қалтасы көтермей, біресе жұмыстан босамай басқа етекті ашуға шамасы келмеуші еді, қазір мойны жуандап, жағасы қыса бастағалы бері, жиырма жыл бірге тұрған әйелінің дәмі кеткен сияқты көрінетін болды.

Әуелі, қызып алғанда «ажырасамын» дейтінді шығарды. Бір қарағандағы «сыры кетсе де, сыны кетпеген» әйеліне соңғы кезде жиі ашуланатын болды. Осы уақытқа дейін басқа «сұлуларға» тек сол ғана кінәлі сияқты болып көрінді де тұрды. Оның сөздерін жүрдім-бардым тыңдауға көшті, бар я жоқ екенін елемеді.

Достарымен саунаға барып, «футбол көруді» жиілетті. Шіміркпейтін болды. Анау бір жолы қонақүйде үстінен түскен әйелін «Кешірім дейді ғой! Атаңның басы кешірім сұраймын! Мен болмаса кімсің сен! Көтіңді қысып жүр» деп соққыға жықты.

Қайбір отырыстан араққа тойып алып шыққан Ердақын жолай аяқ астынан офиске келген. Кірсе «Күзет» формасын шешіп тастаған күзетші майка-трусиі ағараңдап дәретханадан келе жатыр екен. Бұл шарт кетті. Айқайлады. «Қуам» деді. «Кет, жинал» деді. Көзі алақтап «Аға, аға, көке, көке, тыныш, ойбай, тыныш, көке» деп күзетші бала тыпыршып кетті. Денесімен ішкі бөлмелерге, дәретханаға өтетін есікті жауып алды.

Кенет Ырсаечтың көзіне ресепшнның үстелінде жатқан әйел адамның іш киімі түсті. Біртүрлі таныс сияқты. Бірақ қайдан, қашан көргенін жөпелдемеде есіне түсіре алмады.

«Ыңқ» етіп ықылықтады да көзін сығырайтып інісіне қарады. Сұқ саусағын шошайтып «Әй, әй, бала, уақытты тек өткізбейсің, ә» деді. «Агенттің арқасы ғой, аға, агент» деді сасқанынан басқа не айтарын білмеген күзетші.

Бұл кезде іштей қызу қанды жас жігітпен таныстырған «майылруға» алғыс айтып, Ердақынды бір сәтке ұмытқан Ырсаечтың әйелі «Кім ол?» деп дәретханадан шығып келе жатқан болатын.
Бөлісу:
Warning: Undefined array key "prefix" in /var/www/vhosts/oho.kz/kerekinfo.kz/framework/classes/modules/viewer/plugs/function.cattr.php on line 45

Warning: Undefined variable $result in /var/www/vhosts/oho.kz/kerekinfo.kz/framework/classes/modules/viewer/plugs/function.cattr.php on line 45
data-param-target_id="6426" >
  • 37
    /var/www/vhosts/oho.kz/kerekinfo.kz/application/tmp/templates/compiled/valley/bf0e86ec65c34f4b8ad6a14200fdd2cc8ac418fc.file.vote.tpl.php on line 130

    Warning: Trying to access array offset on value of type null in /var/www/vhosts/oho.kz/kerekinfo.kz/application/tmp/templates/compiled/valley/bf0e86ec65c34f4b8ad6a14200fdd2cc8ac418fc.file.vote.tpl.php on line 130
    " data-vote-value="-1">
    Warning: Undefined array key "iconMod" in /var/www/vhosts/oho.kz/kerekinfo.kz/application/tmp/templates/compiled/valley/bf0e86ec65c34f4b8ad6a14200fdd2cc8ac418fc.file.vote.tpl.php on line 132

    Warning: Attempt to read property "value" on null in /var/www/vhosts/oho.kz/kerekinfo.kz/application/tmp/templates/compiled/valley/bf0e86ec65c34f4b8ad6a14200fdd2cc8ac418fc.file.vote.tpl.php on line 132
    /var/www/vhosts/oho.kz/kerekinfo.kz/application/tmp/templates/compiled/valley/bf0e86ec65c34f4b8ad6a14200fdd2cc8ac418fc.file.vote.tpl.php on line 140

    Warning: Trying to access array offset on value of type null in /var/www/vhosts/oho.kz/kerekinfo.kz/application/tmp/templates/compiled/valley/bf0e86ec65c34f4b8ad6a14200fdd2cc8ac418fc.file.vote.tpl.php on line 140
    " data-vote-value="0">
    Warning: Undefined array key "iconMod" in /var/www/vhosts/oho.kz/kerekinfo.kz/application/tmp/templates/compiled/valley/bf0e86ec65c34f4b8ad6a14200fdd2cc8ac418fc.file.vote.tpl.php on line 142

    Warning: Attempt to read property "value" on null in /var/www/vhosts/oho.kz/kerekinfo.kz/application/tmp/templates/compiled/valley/bf0e86ec65c34f4b8ad6a14200fdd2cc8ac418fc.file.vote.tpl.php on line 142
    /var/www/vhosts/oho.kz/kerekinfo.kz/application/tmp/templates/compiled/valley/bf0e86ec65c34f4b8ad6a14200fdd2cc8ac418fc.file.vote.tpl.php on line 150

    Warning: Trying to access array offset on value of type null in /var/www/vhosts/oho.kz/kerekinfo.kz/application/tmp/templates/compiled/valley/bf0e86ec65c34f4b8ad6a14200fdd2cc8ac418fc.file.vote.tpl.php on line 150
    " data-vote-value="1">
    Warning: Undefined array key "iconMod" in /var/www/vhosts/oho.kz/kerekinfo.kz/application/tmp/templates/compiled/valley/bf0e86ec65c34f4b8ad6a14200fdd2cc8ac418fc.file.vote.tpl.php on line 152

    Warning: Attempt to read property "value" on null in /var/www/vhosts/oho.kz/kerekinfo.kz/application/tmp/templates/compiled/valley/bf0e86ec65c34f4b8ad6a14200fdd2cc8ac418fc.file.vote.tpl.php on line 152

  • Deprecated: strtotime(): Passing null to parameter #1 ($datetime) of type string is deprecated in /var/www/vhosts/oho.kz/kerekinfo.kz/application/classes/modules/user/entity/User.entity.class.php on line 487
  • Warning: Undefined array key "prefix" in /var/www/vhosts/oho.kz/kerekinfo.kz/framework/classes/modules/viewer/plugs/function.cattr.php on line 45

    Warning: Undefined variable $result in /var/www/vhosts/oho.kz/kerekinfo.kz/framework/classes/modules/viewer/plugs/function.cattr.php on line 45
    data-param-target_type="topic" > 1

Warning: Undefined array key "pagingComments" in /var/www/vhosts/oho.kz/kerekinfo.kz/application/tmp/templates/compiled/valley/9d43076a3016464075f621d27b163a3f73021152.file.topic.tpl.php on line 305

Warning: Attempt to read property "value" on null in /var/www/vhosts/oho.kz/kerekinfo.kz/application/tmp/templates/compiled/valley/9d43076a3016464075f621d27b163a3f73021152.file.topic.tpl.php on line 305

Warning: Trying to access array offset on value of type null in /var/www/vhosts/oho.kz/kerekinfo.kz/application/tmp/templates/compiled/valley/9d43076a3016464075f621d27b163a3f73021152.file.topic.tpl.php on line 305

id="comments" >

48 пікір

Deprecated: explode(): Passing null to parameter #2 ($string) of type string is deprecated in /var/www/vhosts/oho.kz/kerekinfo.kz/application/tmp/templates/compiled/valley/2ca1abb6f8efc29fc02a159038c9b37dbfe7feb2.file.actionbar.tpl.php on line 66
dark_nazgul
salta
ой, мляяяяяя, өтірік әңгіме дегендер дарға асыла беріңдерші… мынау ащы болса да дәу қарын ағам мен салпы етек сары жеңгемнің проблемасы ғой…
omarbirat
salta
bazuka
Уффффффф
sammita
ооо, Қисық?
sammita
Нұрберген бе әлде?
balzaminka
Әбідәкім деген ой неге келмейді?
sammita
ол бұлай сауатты жазбайды
balzaminka
әйелді соққыға жығу соның конегі ғо
sammita
nurbergen_makym
satibaldi
Ептібайымайд-ай, шелектеп кетті
e_zhalgas
arshatoraz
сгин
VKM
Нұрберген Мақым жазған сияқты
nurbergen_makym
Маған да басында солай көрінді...
bazuka
satibaldi
Aizhantabyn
ГринДогым ба екен деп қалдым)
qisyq
ГринДог Гаста ма?)))
VKM
Жоқ, Грин Дог емес, ол былай «мягко» жазбайды
Gastarbaiter
Гриндогың жарысқа қатыса алмай қалды, рухани жадаулығына байланысты.
meirzhan
Әдеттегідей бәрін тәптіштеп сипаттап… түп-түзу жазба  
meirzhan
Стиль Қисықтікі. Бірақ… яцыздау әңгіме ол үшін.
qisyq
Мұндай әңгіме жазу қайда біз секілді трольға… Ех, Мейіржан, рахмет, бірақ…
konvict
Қисық емес, Нұрберген секілді
meirzhan
бәлкім, бәлкім. Анығын білетін бір Құдай, Дарк Назгүл және аффтар.
konvict
Құдайға Дарк Назгүл мен афатарды теңедің. Ширк, ширк, ойбай, ойбай. Қайда жүрсің Ахи бауырееем
meirzhan
Қайда жүрсің Ахи бауырееем
Бұл сұрақ бізді ғана мазаламайды…
qisyq
sammita
«Аршат» деуге аузым бармай отырғаны©
arshatoraz
мені бұлай жаза алады деп кім айтты?
Aizhantabyn
ғашықпын, кім жазса да, керемет екен)))))))))))))))))))))))))))))))(
Aldeken
Aldeken
кешіріңіз сізге кетіп қалыпты, пікір еді негізі…
Aizhantabyn
неткен ауқымды пікір) қаншама эмоция жатыр, домалап)
Aldeken
депрессиядан бойымызды алыс ұстауға тырысамыз, негізі…
Aizhantabyn
мықтысыз) мен деген сәл нәрсеге депресснякқа құлайм)
satibaldi
ғашықпын, кім жазса да, керемет екен
Мынаның аузынан жақсы сөз шықты ғой?
Aizhantabyn
осы сізге аға-дан басқа қандай жаман сөз айтып ем?
dark_nazgul
сол «ағаң» жақпай жүрген шығар))
konvict
 Жазбалардың ішінде ең ұнағаны осы болды!!! Ырысбек!
sakenspb
gunner
 Мықты жазыпты )). Бұла гастарбайтер да, nurbergen_makym да емес, меніңше. Біріншісі жыныстық және жыныстық емес мүшелерді қоспай жаза алмайды, екіншісі мусор араластырмай жаза аламайды.
Zilola
Уощым ұнамады
satibaldi
Тағы кетті нақ шелектеп
AKY
Gulzhanat
«Что в тридцать лет смешно, в двадцать даже обидно», демекші… күлкілі жерін таппай қойдым… ((((*(