Желідегі жалғандық

Блин, махаббат деген не өзі? Кітаптар мен кинолардағыдай сезім жоқ шығар, сол баяғы қиялдарым ба? Міне, агенттен хаттар легі тағы да ағыла бастады. Біреуінің түрі әдемі, біреуінің сөзі… Ех, не деген керемет бәрі. Бірақ мен іздеген бұлар емес еді… Сонда кім ұнайды өзі, ол да емес, ол да емес… Кінә, менде болар…

Жазбалар, жазғышбектер сырға толы әңгімелерін жаза береді екен. Махаббат бәрібір онлайнда болмаса жалғандығы сезіліп тұрғандай… Дегенмен, менде осындай бір сезімді басымнан өткізіп ем…
Оның жазған өлеңдері, ойлары менің оған деген сезімімді күннен күнге арттыра түсті. Онымен сайт арқылы ғана араласуды қойып, жеке агентке одан телефонға алмасты. Оны сөздерінен, ол айтқан оқиғаларымен жақсырақ тани түскендей болдым. Кейіннен өз сезімімді ашық жазып жеткізуге де тырысатын күндер пайда болды. Жұмысқа асыға келіп почтама жүгірдім, одан сырға толы хат күткелі осындай шартты рефлекс қалыптасқанды.
— Мен, жақын күнде сенің қалаңа барамын, саған деген сағынышты көзбен, құшақпен, ыстық ерніммен жеткізетін күнде алыс емес;- депті.
Не күйге түскенімді білмедім, ұшып жүргендей күй кештім…
Күтіп вокзалда тұрмын, жүрегім лүпілдеп… Оны көру сондай әсерлі болар ма еді… Хаттармен әңгімемізді айтып тастаған сияқты ек, үш күнде әңгімеміз таусылмады. Бақытқа толы үш күн. Сезімнен қатайған қанаттар, қонуды ұмытып кеткендей…
Онымен қоштасу мүлдем қиын болды, шығарып сала тұрып қимастықтың ащы дәмінде сезгендеймін. Ехх, өмірімді өзім құра алған болсам онымен бірге сол қаларға кетер едім. Бірақ, алған тәрбиемнің оған бұлан жәй кете салуға жібермейтінін сонда ұқтым. Сол күннен бастап пойыздарды жек көре бастадым, әсіресе сол бағытқа жүретін пойыздарды. Кейде вокзал жанынан өтіп бара жатып, еріксіз сол күндерге орала беруші ем…
Ол кеткелі, хаттар сирей бастағандай болды. Басында жұмыстарым көбейді деген сылтаулар еститінмін, кейіннен интернетте шеттеу болады дейтінді шығарды…
Бір күні бір қыздан хат алдым, ұзын сонар. Хаттың басында маған жаны ашып жүргенін айтып, маған ескертуді өзінің парызы санап оның ұлы мен әйелінің барын жеткізді. Көзбен көрмеген соң сенбей, оған жанталаса хабарласулар басталды: — иә, кешір солай еді, саған айта алмадым… Сенің шын махаббатқа сенсе екен деп едім… Кешір…
Сен мені кешір, мен бірақ сені кешіре алмадым… Алданған сезім үшін емес, алданған үміт үшін…
Бөлісу:

17 пікір

dark_nazgul
автордың стилистикасы, орфографиясы толық сақталған.
Редакторлық өңдеу жасамадым ешқайсысына.
a63a1
Адамды сендіре алмайды, құрғақ, тұзсыз тамақ ішкендей болдым
Ereke
Зачет! Әдемі ақ жазылған…
Aizhantabyn
мама! Неткен қатыгездік!!! Сволочь блин!
shimaibek
Желідегі жалған новелла!
331 әріп.
shimaibek
331 сөз, 1970 әріп…
Zilola
тек сөз бен әріптің санына ғана мән береді екенсіз троль мырза
meirzhan
Виртуалды махаббаттың жалғандығын дәлелдеп жатыр новеллашылар
19852407
Банально, но актуально
araika
Мына жерде түсіне алмадым
Сенің шын махаббатқа сенсе екен деп едім
Сонда қайсысы шынайы?
Zilola
жанұясының барын білмей сеніп жүре берсін деген шығар мәхәббатқа
patick
Қызды агент арқылы әдемі сөздермен алдап-сулап, тартып жіберетін жігіттердің қазіргі өмірлерін шынайы көрсеткісі келген.
asaubota
менің де басымнан өткен нәрсе… бірақ, менің ол кезде әйелім және ұлдарым болған жоқ
Zilola
авторды танитын сияқтымын
VKM
аянышты! Кім ол, Мақпал? Жігіт қандай ұятсыз, семьясы бола тұра,қызды алдаған(
Zilola
әзірге тіс жармаймын
Gulistan
Ондайлар реал өмірде де бар ғой.