Виртуал-КВН жобасына шақырамын


Мұндай ой көптен мазалап жүрген еді. Соның енді реті келген сияқты. Жоба: Виртуал КВН. Сайт арқылы КВН ойнау. Онлайн.

Виртуал болғандықтан шын КВН сияқты болмас мүмкін. Бірақ, бір тексеріп көруге болады. Мынандай конкурс түрлері болады:

1. Анекдоттар (5 анекдот, бұрын еш жерде естілмеген, оқылмаған)
2. Демотваторлар (3 демотиватор)
3. Веб-комикс (2 вебкомикс)
4. Бір өлең (танымал бір өлеңнің өзгертілген түрі)

Әзірше ойыма келген конкурс түрлері осы. Аудио, видео түрлерін де қосуға болар еді. Бірақ, оған ерте деп ойлаймын.

Командалар кем дегенде 2 адамнан тұруы керек. Бастапқыда қала құрамалары болып та шығуға болады. Астана, Алматы және басқа қалалар құрамасы.

Мақсат сайтта бірге көңіл көтеру, қазақша контентті және веб-әзілді дамыту.
Бөлісу:

23 пікір

balzaminka
kooop kuttik koi dim, adil-kazy kim bolady?
VKM
Күүүүшті.Админ аға маладес!
satibaldi
1991 жылғы Ирак кампаниясын қолдауға кішкентай боп қалдың, а?
AKY
Астана.кз-командасына кірем
meirzhan
КВН дегеннен көрі шығармашылық конкурс деген дұрыс сияқты. жақсы идея.
Aldeken
Қосылам. Ақтөбе мен Астанаға. Ойнайық. Админ өз ұсынысымды бөлмеңе қалдырармын.
asaubota
осында да жаза бер
Aldeken
Виртуал КВН-ге реал КВН-нен биатлон мен разминканы қосуға қалай қарайсың?
asaubota
ол үшін қатысушылар бір уақытта сайтта болулары керек. көреміз, ойладым негізі оны да.
Zilola
Алматы болмаса Атырау командасына косыдсам айып етпессiздер.
Жамбылдыктар азбыз го, болмаса Шымкенттiк командага болысайын.
rauan97
Мен шымкетке кірем егер bolsa
meirzhan
Бір-бірінен қашықтықта болып команданы неге құрмасқа? әйтеуір виртуал сайыстар ғой. әлде реалда пікірлесіп ап, ойнаған дұрыс па екен.
Abilakim
Отырған сол абзал екеуміз… Астаналықтар командаларына шақырып қалар ма екен деп… Шақырса айтатын приколдарымда дайын
VKM
қай командаға қосылсам екен, а?
meirzhan
Xawgim, Chimaq, belgisiz bireu мен құруға болады. Географиялық жағынан жақын. «Алтайдың ар жағынан» командасы.
VKM
Олардың жазуын расшифровка жасау үшін біраз уақыт кетеді.Жеңілу деген сол ғой)))
meirzhan
Колорит қо за то.
Naghyz hazah azildere, agaien!
meirzhan
Забойкаға Сәкен Қалымов орындайтын ән. Жаңа квн-шілерді мына жақтан тартуға болады.