Фильм түсірудің голливудтық жазылмаған 60 ережесі

Блог - qisyq: Фильм түсірудің голливудтық жазылмаған 60 ережесі
Басқаны қайдам, өзім ес білгелі Голливудтың түсірген фильмдерін арнайы отырып та, бір нәрсе жасап жатып та қарап келе жатырмын. Әрине, көпке топырақ шашуға болмайды, әлемдегі ең ірі киноиндустриялық орталықтың қол астынан шыққан бірталай туынды рухани демалыс сыйлайды, жақсы-жаманды көрсетіп, ойға ой қосады. Бірақ «голливудтық боевик» дегенде миымызға сарт етіп атыс пен шабысқа толы, я іш пыстырарлық көріністердің келетіні де бар. Бұл, сірә, аталған аймақтың аясынан жыл сайын жүздеген киноның шығып, тойдырып болғанымен байланысты болса керек. Не болғанда да жиырмасыншы ғасырдың екінші жартысынан бастау алған адамзат мәдениетінде «голливудтық стиль» өзінің айрықша орнын алғанға ұқсайды. 
Төмендегі сипаттамаларды Сіз бұрын да «бір жерден» оқыған боларсыз. Мен оқығам, әйтеуір.  Сонда да болса аудара кетейін деп шештім. «Жұма күнгі бояндар» стилінде:)

Тек әке-шешеден боқтамасаңыздар болды.

Сонымен, фильм түсірудің голливудтық жазылмаған 60 ережесі

1. Бір сіріңке не кішкентай қол шамы (фонарь) бүтіндей бір бөлмені/ғимаратты/үлкен үңгірді жап-жарық қылып жібереді.

2. Әр мектептің түнде де ашық тұратын есігі болады. Алайда егер Сізге өлім қаупі төніп тұрса, ол есік міндетті түрде жабық тұрады. Жалпы ондай қауіп кезінде кез-келген есікті ашып, қашып кету мүмкін емес.

3. Ең жақсы күзетілетін және қорғалған ғимараттардың өзіне кеңінен салынған вентиляциялық жолдар арқылы кіруге болады.

4. Жаңбыр жауа қалса, міндетті түрде қатты жауған нөсер жаңбыр болады, сіркіреп жауған жаңбырды сирек көресіз.

5. Тұман қалып болып түседі. Қол созым жердегі дүние көрінбейді, алайда көлікке мінген біреу міндетті түрде осы тұманда ары-бері жүреді.

6. Молалардың үстін тұман басып тұрады.

7. Егер Сіз кейіпкердің шешесінің асханада не ваннада жүргенін көрсеңіз, оның өміріне қауіп төніп тұр деп біле беріңіз.

8. Барға келіп сыра сұрасаң болды, ал оның қандай марка екенін, бөтелкеден әлде кружкадан ішетініңізді бармен білуге міндетті.

9. Қандай да бір маңызды жоспар болмасын, бәрібір дұрыс орындалмайды. Оны жүзеге асырып бастағандар ә дегенде-ақ бір бәлеге ұрынады.

10. Өртеніп жатқан ғимараттан ең соңғы болып балалар құтқарылады. Шешелері оларды құтқарудың орнына көшеге атып шығып, қаһарманның көмекке келуін тағатсыздана күтеді.

11. Барлығы не айтқысы келгенін соңына дейін айтады. Ешкім ешкімнің сөзін бөлмейді.

12. Полиция қызметкерлері не судан ақ, сүттен таза, не жемқорлыққа белшесінен батқан жалмауыз болады. Екі ортада жүрген құқыққорғау органынының өкілін көрмейсіз.

13. Тікұшақ көз жететін жерге келгенше, оның дауысы естілмейді. Мәселен, таудың ар жағында ұшып келе жатқанда жер-дүние тым-тырыс болады, ал ол көрінді дегенше жер-көкті дарылдаған дауыс алып кетті дей беріңіз.

14. Оу баста жойылады деп тағдыр жоспарлап қойған барлық автокөліктер/ұшақтар/тікұшақтар жарылу мүмкіндігі аса жоғары материалдардан жасалған.

15. Тікұшақты басқару үшін бір қолыңыз болса жеткілікті, онымен джойстикті ұстайсыз, ал екінші қолыңызбен атысып отыра берсеңіз болады.

16. Төбелескенде жағымсыз кейіпкерлер бас қаһарманға кезектесіп «жабылады».

17. Пистолеттің оқшантайлары 30, 40 немесе "Қанша керек сонша" оқтық болады.

18. Оқ ешқашан рикошет жасамайды, ол көзделген нысанаға не оның айналасына 100% дәлдікпен тиіп жатады. Ескерту: сценарий бойынша аса қажет жағдайда рикошет болуы мүмкін.

19. Оқ не жеңіл жаралайды не бірден өлтіреді.

20. Кәсіби түрде оқу-жаттығулардан өткен жексұрын кейіпкер бас кейіпкерге көздеген жерінен дұрыстап тигізе алмайды. Ал өз бетімен үйренген бас кейіпкер болса екі қолымен арлы-берлі қозғалыстағы нысанаға жатып та, тұрып та, секіріп те дәл тигізеді.

21. Жағымсыз кейіпкерлер лифт есігін оқ астына ала қалған жағдайда қажет бола қалады-ау деген оймен салынған шығар, әйтеуір оның (лифттың) төбесінде оп-оңай ашыла салатын люгі болады.

22. Қарудың кері қайтарымы (отдача) жоқ, ал бірақ, оқтар тиген адамын қалпақтай ұшырып жатады.

23. Қару ешқашан қызбайды. Ондаған адаммен атысып болған соң, оны бір жерім күйіп қалады-ау деп қорықпай-ақ шалбардың беліне/қатласына сала салуға болады.

24. Үй жануарлары қандай апат болмасын тірі қалады.

25. Атыс болып жатқанда ешкімнің де құлағы бітелмейді.

26. Метрода немесе жерасты тұрағында болған атыстан кейін де, жаңғырыққа қарамастан, қаһарман болсын, жағымсыз кейіпкер болсын иненің жерге түскен дыбысына дейін ести алады.

27. Барлық бомбалар тықылдап, дыбыс шығарады және олардың жарылысқа дейінгі уақытты кері бағытта санап жатқан кішкентай, жанатын дисплейлары болады.

28. Жарылыс дабысы тіпті ашық космоста немесе вакуумде жасалса да қатты шығады.

29. Барлық бомбалар жарылысқа 10/5/3/1 секунд қалғанда зарарсыздандырылады. Оны жасау оп-оңай, тек бір сымды әп деп қия салсаңыз болды. Тек түйткіл туындататын бір мәселе — қызыл сым ба, әлде көк сым ба? Бәлкім жасыл сым шығар?

30. Қандай қуатты жарылыс болмасын бас қаһарман жерге жата қалып не суға сүңгіп кетіп аман қалады және құлағы ешқашан бітелмейді.

31. Полиция автокөліктері соқтығыс кезінде ылғи ыршып кетеді не аунап түсіп жатады.

32. Соқтығысқан автокөліктер міндетті түрде жарылады. Тіпті дизельді ауыр машиналар да.

33. Бас кейіпкердің көлігіне жарылғыш зат қойылса, ол иесі отырғанда емес, жақындап қалғанда жарылады.

34. Беріліс қораптарының (коробка передач) екі түрі де бірдей дыбыс шығарады.

35. Егер сізді басқа машина келіп, керегеге/жолдың шетіне/бордюрге қысып тақаса, жылдамдықты бірден азайту қарастырылмаған, қырсығып, одан әрі айдай бересіз, айдай бересіз...

36. Бас қаһармен өміріндегі ең қиын тапсырманы тура зейнетке кетер алдында алады, оның үстіне ол тапсырманы орындауға бар болғаны 24/48/72 сағат беріледі.

37. Өмірге қауіпті жарақаттарды бас кейіпкер фильмның соңғы кадларында алады. Ал бұған дейін оған қанша рет оқ атылғаны, шатырдан лақтырылғаны, денесіне, бет-аузына қанша тоқпақ тигені маңызды емес.

38. Егер жағымсыз кейіпкердің бүкіл әлемді/қаланы/материкті/мемлекетті жоқ қылып жіберетін сұмдық қаруы болса, онда ол міндетті түрде сол қарудан өзі қаза табады, не жарылып тынады.

39. Бас кейіпкерлер ұйқыдан тістері тазаланып тұрады, себебі ояна сала сүйісуге жүгіреді.

40. Құтқарылатын адамдар саны шамамен 2 адамнан 6 миллиардқа дейінгі санды қамтиды.

41. Бас кейіпкерді өлтірер алдында жағымсыз кейіпкер оған біраз “әңгіме айтып” тастайды. Ол қаһарманның өлімнен құтылу үшін бірдеңе ойлап табуына қажет.

42.  Қаһарманның өміріне қауіп төнген жағдайда, оның жанында бұрап-бұрап жіберетін вентиль болады, осылайша ол жағымсыз кейіпкерге ыстық бу немесе газ шашып жібере алады.

43. Қолға түскен бас қаһарманды өлтіру үшін болат өндіретін бе, темір балқытатын ба, әйтеуір сондай бір зауытқа алып келеді.

44.  Жағымсыз кейіпкердің баскесерлерінің түрлерінің жамандығы сонша, оларды бет-әлпетіне қарап-ақ соттап жіберуге болады.

45. Бірге тұрғанына 30 жыл болған ерлі-зайыптылардың өздері он минут сайын ерекше ықыласпен сүйісіп жатады.

46. Бас қаһарман жағымсыз кейіпкердің сұмдық көліктерін ауыр жүк машинасымен мыжғылап, “ жынына тиеді”.

47. Ең соңғы шайқаста қаһарман жеңіс алдында оңбай таяқ жейді.
48. Жаудың ұясына келген кезде бас кейіпкер бір қалтарыстан екінші қалтарысқа домалап жүріп жетеді.

49. Кокаинді  кем дегенде 10 тонна көлемінде, танкерлармен, ауыр жүк көліктерімен тасиды.

50. 22 жастағы бет-аузын әдемілеп бояған сары шашты қыздың ядерлық физика бойынша әлемдік сарапшы екені ешкімді таң қалдырмайды.

51.  Ата салудың орнына жағымсыз кейіпкер бас қаһарманды басқа жолдармен өлтіруді жөн санайды, ол жарылғыш зат, дар, улы газ, лазерлер, акула немесе қолтырауын толтырылған бассейн болуы мүмкін. Бұл да қаһарманның өлімнен құтылу үшін бірдеңе ойлап табуына қажет.

52. Маркеттен келе жатқан кейіпкердің дорбасынан міндетті түрде француз багеті шығып тұрады.

53. Диспетчерлердің берген нұсқаулары бойынша ұшақты кез-келген адам қондыра алады.

54.  Кез келген соғыстан аман шығуға болады. Алайда жақын адамыңның суретін шайқас алдында біреуге көрсетіп, ол туралы әңгімелеп берсең, өлдім дей бер.

55. Неміс не орыс офицері болсаң, тілді білу міндетті емес. Неміс не орыс акценті жеткілікті.

56. Фильм Францияда түсіріліп жатса, Эйфель мұнарасы қаладағы кез келген үйдің терезесінен көрініп тұрады.

57. Ер адам шайқас кезінде қандай жарақат алса да үн шығармайды, алайда әйел оның жарақаттарын жуып, емдейін дегенде ыңырсып, ауру жанына бата кетеді.

58. Түзу жолда келе жатып та көліктің рулін оңды-солды бірнеше минут сайын бұрғылап отыру керек.

59. Белгілі бір қылмыстық іс бойынша жұмыс жасап жатқан полиция өкілінен, жіберген қателіктері үшін ол ісін тартып алады. Сонда барып жаңағы полиция қызметкері шындап жұмысқа кіріседі.

60.  Барлық шетелдіктер  бөтен ешкім болмаса да, өзара ағылшынша сөйлескенді жөн көреді.

Сурет.

Мақала сілтемесі: http://qisyq.wordpress.com/2011/02/09/%d1%84%d0%b8%d0%bb%d1%8c%d0%bc-%d1%82%d2%af%d1%81%d1%96%d1%80%d1%83%d0%b4%d1%96%d2%a3-%d0%b3%d0%be%d0%bb%d0%bb%d0%b8%d0%b2%d1%83%d0%b4%d1%82%d1%8b%d2%9b-%d0%b6%d0%b0%d0%b7%d1%8b%d0%bb%d0%bc%d0%b0/
Бөлісу:

56 пікір

asaubota
— міндетті түрде бәрін бүлдіріп жүретін ақымақ қыз болады
— жақсы біреу болады, ол өледі міндетті түрде
— заложник міндетті түрде құтқарылады
— мектепке жаңа келген оқушы бірден өзіне бір дос табады, әдетте ол досын мектепке ешкім ұната бермейді (түрмеде де солай айтпақшы)
omarbirat
65. Бас кейіпкер полицей болса, оның бір бойжеткен қызы болады, бірақ әйелі болмайды.

(алдыңғы төртеуін Аршат жазып кетіпті :))
qisyq
66. Көп фильмдерде жағымсыз бас кейіпкер классикалық үлгіде киінеді, классикалық музыка тыңдайды, органда, скрипкада және т.б. классикалық аспаптарда ойнайды, қымбат темекі тартады, қымбат алкогольді сусындар ішеді.
asaubota
қыздарға душқа түсуге болмайтынын ұмытып кетіппіз
qisyq
Қорқынышты фильмдерде өлер алдында қыз душқа кіріп, жалаңаш денесін от души көрсетіп алатыны бар емес пе:)
Nurgisa
Күшті жазылыпты! Бір деммен, «аха, тура солай» ғой деп басымды изей отыра оқып шықтым :) Айыз қанды.
alisha
оқи отырып, тап осының дәлеліндей картиналар елестеп отырды көз алдыма...әсіресе әлгі кейіпкердің анасының асханада жүретін тұсында… міндетті түрде саусағын кесіп алады ғой сосын
omarbirat
67. Орыстың, жалпы КСРО-ның әскерлері жазда да малақаймен жүреді.
asaubota
шошып оянған кезде міндетті түрде отырып оянады :)
Nurgisa
— Жоспарың бар ма?
— Жоқ…
— Құрыдық :(
omarbirat
— Компьютерге отырғанда, тышқан пайдаланылмайды. Кейіпкер пернетақтаны тоқтаусыз сартылдатып басып жатады.
— Компьютердің экранын көрсеткенде, операциялық жүйелері мен бағдарламалары Нортон Коммандерге ұқсас бірдеңе болады. Әйтеуір, экран Windows-қа мүлде ұқсамайды.
asaubota
Америкада Windows-ты көп қолданбайды ау деймін. Mac, Apple-дарды көреміз кілең.
saken
Тек түйткіл туындататын бір мәселе — қызыл сым ба, әлде көк сым ба? Бәлкім жасыл сым шығар?

)))
менде бұрын таң қалушы едім. Бомбаны жасаған бандиттер, сымның түсін таңдап отырып жасайтын сияқты. Реалды өмірде болса, барлық сым бірдей түсте, ақ түсті болар еді.
omarbirat
— Бас кейіпкерге аузы жабылмайтын заржақ негр көмектесіп жүреді.
Abilakim
-Бас кейіпкер бір әйелдің үйіне келе қалса, ол әйел халат кие қалады
Nurgisa
Бас кейіпкер залымдардан қашып бара жатады. Ана бір бұрылысқа жете берісте олар қашқынға пәшти жетіп қалған болады, арасы 1-2 метір. Келесі сюжетте, бұрылыстан кейінгі көріністе, қуушылар 20/30/40 метір қалып бара жатады.
patick
Мынау айтылды ма?

— Көлікпен құйғындатып қашып келе жатқанда, міндетті түрде алдыңнан өртке қауіпті жүк көлігі шығады.
asaubota
бұрын мықты болған біреудің көмегі керек болады немесе сол кісі бас кейіпкер болады. ол адам орманда, көлдің қасында әйтеуір алыс бір жерде өмір сүреді. оған барып «сенің көмегің керек» деген кезде ол «жоқ, мен ол істерді тастадым, қазір қарапайым өмір сүріп жатырмын» деп еркелейді, бірақ бәрібір келіседі :)
Onlasyn
Білдірмей сюрприз боп келеді ғой
asaubota
біреуді қумастан бұрын екі мент машинаның ішінде тамақ жеп отырады
Nurgisa
Кез-келген программадағы кілтсөздерді сұрықсыздау айтишник панк шесь сикунтта шашып тастайды. Залымдардың шотындағы ақша межелі мерзім түгесуге 10/5/1 секунд қалғанда фильмнің ортасында аты аталып қалған зәру бір мекемеге сәтті түрде аударыла салады. Бұл уақытта әлгі залым басын шайқай беріп: «Ноу, ноооу!» деп шашын біртіндеп жұлып жатады.
Abilakim
Бас кейіпкердің баласын залымдар урлап кетеді, бөріден туған бөлтірікте мықтылық танытады
aza
— ондаған жылдар бойы қалыптасқан наркобизнес, қару айналымы, қылмыстық әрекеттер екі ақ сағатта шешіліп қалады…
— Жағымсыз кейіпкерді екі полиция қолын қайырып алып шығады, ғимараттан. Сосын, екі бүктеп машинаға тығар алдында аядатып, бас қаһарманға әлдебір сөз айттырады…
— соңғы кадрларда жарылған аурухана, қираған машина, опат болған бандиттер арасында Қаһарман жаңбырға жуынып тұрады…
— Полиция оқиға орнына келу үшін әліптің артын бағып, Қаһарманның ерлік істерінің бітуін күтеді…
Gulistan
Өлдім күлкіден, тошно тошно! Әсіресе ана заржақ негритоз туралы… «Shut Up!» десе де аузы тыным таппайды және түк ренжімейді, бірақ «мені қалдырып кеттің» деп уддай ренжуі мүмкін… Проблемасын шешіп бола бергенде екеуі біраз сөйлесіп, таласады.
asaubota
— сүйісуге де уақыт табады бұл ептібайымайдтар :)
Nurgisa
Күн шәйдай ашық. Бір көлік екіншісіне соқтығысса, артта келе жатқандар тежегішін баспайды, сол келе жатқан жылдамдықпен арттан кеп соғылып жатады, соғылып жатады…
Gastarbaiter
Орыстардың аттары үнемі шығыс еуропалықтардың румындардың не хорват-сербтердің атымен аталады.
Мәселен Драгомир Милетич, Владимир Поласки, Дориан Марозов… Кинода ресей көшелерін көрсетсе, міндетті түрде Сталин не Лениннің суреті болады. КСРо-ның қирағанына жиырма жыл өтсе де, Голливуд орыстары бір біріне Товуаришь деп сөйлейді.
saken
аха, Иван Драго (Рокки), Иван Данко (Красная жара)

:))
qisyq
Мыналардың бәрін жинап тағы бір жазба жазсам ба екен…
kariim
— Американдық кез-келген фильмде олардың туы артқы фонда көрініп тұрады / дегенді де қосып жазыңыз
Ал біздікілер көк байрақпен қоқыс тасып жүр. Біреуін ғана атса ғой, туға деген құрмет өзгеріп, Қазақфильм киноларында көк байрақ пайда болар еді.
Zhan
Осында айтылғандардың бәрін ағылшыншаға аударып, Голливудтың адресіне жіберсе жақсы болар еді. Өздерінің пәлен жылдан бері қандай қырт фильмдер түсіріп жүргенін білер еді. Құдай біледі ол жердегілер "Әй, Қисеке, қисық десе қисықсың ғой" деп күліп жатса да.
Nur
Жоғарыдағы 60 ереже мен оған біздің қосқандарымыздың біразы Голливудтан қазір француз, неміс, орыс, жапондардың киногерлеріне жұққанын ескеру керек шығар.
Қазақтар Голливудқа еліктеудің өзін меңгере алмай жатырмызғо.
salta
соңғы уақыттарда міндетті түрде гей болады, жертваның артынан қылмыскер қуып келе жатқанда адамдардың ортасына емес, орманға, адам жоқ көшелерге қарай қашады, сосын үлкен камазға келіп соғады. ірі қала ма, дала ма бәрібір камазға келіп соғады… өліп қалған адамның әруғы келіп, бітіре алмай кеткен істерін бітіріп барып, аспанға немесе жарыққа қарай кетіп қалады, киноның басынан аяғына дейін бір-бірін иттің көтіндей жек көретін басты геройлар (қыз бен жігіт) кино аяқталарда өліп тұрып сүйіседі
konvict
Мынаны бірінші рет көріп отырмын. Айызым қанып тұрып оқыдым.
alisha
Үнді киноларының да жазылмаған ережелерін жазып еді қыздардың біреуі… ұмытып отырмын
konvict
Сілтемесі бар ма?
VKM
Кино түсірейікші, бәрін білеміз ғой)))
Gastarbaiter
Киноны қалай түсіру керегін білу бөлек, қалай түсіруге болмайтынн білу бөлек.
Gastarbaiter
Индустар төбелескенде биомеханика мен инерция заңдары, дыбыстың таралу жылдамдығы наққа кетеді. Қытайдың сымфуларындағы гравитациялық наебаловоға тыжырынып қарайтын болсаңыз, Индустардың желкесінен тепкен адамы артқа сальто айналып құлайтынына бұттан кетесіз. Сондай-ақ іштен тепкенде шапатах деген дыбыс тағы жарты сағат ауада жаңғырық қалдырады. Төбелес шөл далада орын алғаны, және оның әлдеқашан аяқталғаны дыбыс өңдеушіні мазаламайды әлбетте. Төбелес хореографиясына да тамсанып тас уқалауға болад.
Мәселен, қақтығыс алаңында бір тал, не баған болса, енектен бір тепкі алған кейіпкер бүк түсіп жатпайды, олай жасаса креативтің наққа кеткені. Жоқ, дәл тасағына аяқ тиген жауыз алдымен шалқалай артқа ұшады, сосын тоқтап, жүзсексенге бұрылып, әлгі талды не бағанды іздеп жүріп, соған маңдайымен соғып, тағы жүзсексенге бұрылып етпетінен жерге сұлап түседі.
Blogshy
сосын мынадай типтері бар: бір алпамсадай негр жігіт, 3-4 европалық жігіт, басты кейіпкер еркек пен сары шашы жалбырап өмірде жиналмайтын қорқыныш атаулыдан ада қыз. бәрі жиналып 5 қаруын сайлап үңгір ма, орман ба, қарақшылардың құпия базасы ма әйтеуір қауіп-қатері мол жерге сапар шегеді. Шытырман оқиғалардың түрін бастан кешіріп, әбден шешуші сәтте болған алапат жарылыс кезінде әлгі қыз бен қаһарман дер кезінде секіріп құтылып шығып, бет-ауыздары күйе-күйе болып сүйісуге кіріседі. Әлгі негр мен жігіттер әлбетте біреуі де тірі қалмақ емес. Қыздың шашы шатаспай, сол күйінде сусылдап тұрады.
asaubota
негрлерді жақсы адам қылып көрсетеді, бірақ алғашқылардың бірі болып өледі.
ruben
Соңғы кездерде бір сықсисыз фильм көрсетілмейді. Рольдегі жапонды болмайтын вьетнамдық ойнап жүреді
asaubota
иә, студент фильмдерінде де сықси біреу жүреді міндетті түрде.
Sebastian
өте жіңішке жасалған расизм негізі
Abilakim
күйеуге тиіп жатқан әйел бұрынғы күйеуін тойға шақырады. Анау тойға келіп тамаша тілек айтып кетеді.
ruben
Полицайлар қаһраманды 20 коп машинесімен қуады. Оның 90%-ы қуалау барысында бір-бірімен соғысып қалады.

Коптар қылмыскерді іздестіріп жүріп — міндетті түрде — бір барға (стрип бар болса да) барады.

Кеудеге он оқ өтсе де, ыңқ етпейді. Сол жарақатты бір әдемі қыз таңып жатса, басты кейіпкер тістеніп жатады ауырғанын білдіртпегендей, — физиономиясымен көрсетіп.

Түп-түзу жолда рольге ие бола алмай, вираж жасайды.

Машинемен қай-қайда барса да, парковка бос болады, ммс.
Gastarbaiter
Кеудеге он оқ өтсе де, ыңқ етпейді. Сол жарақатты бір әдемі қыз таңып жатса, басты кейіпкер тістеніп жатады ауырғанын білдіртпегендей, — физиономиясымен көрсетіп.

Терминатор-1 де бар осы момент.
Кайл Риз бен Сара Коннор арасында.
a63a1
Өлтіру үшін тежегіш сұйығын ағызып тастайды, ал мінген адам көлікті коробка передачпен тоқтатуға болатынын білмейді, оны әдетте екінші көлікпен сүйкеп тоқтатады
ruben
Әйелдері уашше кадр ғо. Есік сықыр ете қалады, со дыбысқа дірдіректеп бара жатқан әйел үстінде, әдетте, шмекси қызғылт халат болады.

Таңғы ас дайындалады, — оны ешкім ішпейді. Қинап ішкізгеннің өзінде аяқта тұрып бір-екі қасық ұрып алат та, зытады.

Таксиге мінсе, рахат, баратын жерді айтпай-ақ апарып тастайды. Келгенде де сомасы айтылмайды. Артық ақша да қайтарылмайды.

Ас үйде включатель болмайды, холодильникті ашып қалса, айнала жап-жарық бола салады.
temir1986
күлкіден шашалып қалдым. Айтпақшы соңғы кезде міндетті түрде бір қытай болады. Сосын станы бар елдер міндетті түрде жауыздардың мекені боады.
Gastarbaiter
Жаңа қалаға келгенде таксимен қалаға кіріп келе жатқан кезінде міндетті түрде вертолеттен сол қаланың кереметтерін бір жарнамалап жіберетін клип түсіріп, қыстырып жіберу парыз.

Катастрофа болған кезде есесіне, ең бірінші қирайтын да осы кереметтер. Азаттық мүсіні, сол баяғы емпайыр стейд билдиң, ақыры шын мәнінде маңдайына бұтақ тойыс ұшақ тігіліп голливудтан да бетер феерверкпен күл-парша болмайынша әлгі егіз мұнараны да құлатып тұратын.
Соңғы түзету:
omarbirat
Жақын тұрған бір жерге бару үшін машинаға күндіз мініп, түнде бір-ақ жетеді
satibaldi
Жыныстық қатынас үнемі сәтті бітеді.
Sebastian
— шкафты ашып қалғанда ішінде өлік жатады;
— шіркеудегі күнә шығару кабинкаларында шіркеу қызметкерінің орнында басқа кейіпкер тұрады, біраз мәлімет кетеді сол жерде:
— кейбір фильмдер бірден секспен басталады, көрерменге «кетіп қалмаңдар, әлі талай рет көрсетеміз» дегендей болады;
— қатты төбелесетін және ұстатпайтын мотоцикл мінген кісі каскасын шешіп қалғанда сары шашты әдемі қыз болып шығады;
— оқиға орнына жетіп келген ФБР агентіне менттер жыны келіп қарайды;
— екі кейіпкер бір мәселені шешу үшін машинамен барады баратын жерлеріне, біріншісі екіншісіне «мені осы жерде күт» дейді. бірақ ана есалаң күтпей соңынан барады, мәселе үстіне мәселе қосады. соңында бәрі құтылып шығады;
— ең құнды ақпарат тек қана барменде. бармен бәрін біледі, бірақ бірден айтпайды;