Керек-айтыс

Бұл күнде біздің өмір барыс-қайтыс,
Жолымыз да кедір-бұдыр, ұйқыш-айқыш,
Жұмыс пен үй ортасын шаң қылғанда,
Көңіл, шіркін, сұрайды екен Керек-айтыс.

Керекте ақымақ аз, ақылман көп,
Керекте тұйықтар аз, ақындар көп.
Онлайн отырғанын көргеніңде
Жаныңды жылытатын жақындар көп.

Бұл пәни баянды емес, бір-ақ тұтам,
Жыр айтамын дегенің тілге мықтан.
Абайсызда артық сөз айтып қойсаң,
Флудтап керектіктер кетед бұттан.

Базбіреу бұрыс сөзді тереді кіл.
Сондықтан біз айтайық келелі жыр,
Салиқалы, ұлағатты әңгіме айтсақ,
Бағасын қалың қауым береді-дүр…
Бөлісу:

221 пікір

omarbirat
Ал, жіберіңдер аттың басын!
Nurgisa
Тамададай тұрғаның сөз бергендей,
Айтыстың форматы да өзгергендей…
Қисық қисық боп бітті, ендігәрі
Түзу дейтін, меніңше, кез келгендей…
qisyq
Оу баста түзу-тұғын біздік ниет,
Тіліме, бірақ, флуд алғам тиеп.
Нұрғиса, арқаландым, рахмет айттым.
Жазбамды жіберіпсің өзің сүйеп.

@Abilakim-асаба, келмедің бе?
Өлеңнен маржан моншақ термедің бе?
@nurjanbay-дың сынына ұшыраппыз,
Бізге де бір тренинг бермедің бе?
Nurgisa
Әбіл, Әбіл, әкім,
Қисықтың ал хатын.
Хатты оқып келмесең,
Кім болады "қатын"?
Abilakim
Сағынып жүргенімде сахынаны
Қисықжан мына жаққа шақырады
Әбіләкім асауына мініп алған
Жырменен таңды таңға атырады

Қорқып келмей қалатын қатын емен
Нұрғиса мені ойнап жатыр деппең?
Реалда сіңбіруге уақыт болмай
Осылай жазып кеттім ғапыл өлең
VKM
Жарайсыз,Abilakimбииис, бравоооо!!!
Abilakim
Рахмет,қарындасым. Гүл әкеле салмадың ба)))
a63a1
тек отырып оқуға шыдамадым
Сөз беріңдер осы болсын сұрағаным
Керек айтыс керек-ақ осы жерге
Ақиқаттың ақтарып іреп жанын

Базбіреу бұрыс сөзді терді дедің,
Очм сөздер кеудемді керді менің
Жөн айттың бірақ мұның ұқсамайды
Салиқалы айтысқа Кисық серім!!! деп қояйық
VKM
Күүүүшті екен,Қисық))))
Beytanis
Қош бол, поэзия!
qisyq
Бейтаныс, Муза шешей саған кеткен,
Дәл қазір барым осы нағыл дейсің!?
Өлең жазшы одан да санаң жеткен,
Отырып ап поэзияның қамын жейсің…
Beytanis
Қисық, Муза шешей маған кепті,
Екі көзі жылаудан ісіп кетті.
Поэзия емес поэзия бүгінгі
Өңшең оттау!
alisha
Қисық, Муза шешей маған кепті,
Екі көзі жылаудан ісіп кетті.
Поэзия емес поэзия бүгінгі
Өңшең оттау!
Сіздің түсінігіңіздегі құндылықтың парқы осы ма, қалғандары оттау болғанда!
Beytanis
Әлиша, осы сізге менің жазбаларым үнемі ауыр тиетіні несі?!
alisha
жүрекке жылы тиетін жазбаңызды көрмеппін, айтарыңызды айтып, ел-жұрттың ит сілікпесін шығарып алғаннан ккейін өтінетін кешірімдеріңізді есепке алмағанда!
Gastarbaiter
Қой, сен мен туралы айтып жатырсың ғой. Бейтаныстың ондай иттігін байқамаппын. Білә, ойнап жүріп жылап қалған баланың ісін жасамаңдарш.
alisha
білмейсің ғой, сен…
Beytanis
Қойшы, түге. Жарайды, сенікі жөн.
qisyq
Лібә, сені естіген соң Муза шешей келесі іс-әрекеттерді жүзеге асырды деген қаупім бар:

1. тамырын тілді.
2. уксус ішті.
3. асылып өлді.
4. қайта тіріліп шатырдан секірді.
5. секіргенде де 150 ш/с жылдамдықпен келе жатқан ауыр жүк көлігінің тура алдына түсті.
6. артиллериялық қондырғылар орнатып, шрапнель снарядтың астына тұрды.
Beytanis
хихуха! Муза шешей бар болса сені шапалақпен жаққа тартып жіберер еді, жарықтық!
konvict
Оттауды үйрететін Бейтаныс,
Болмайық өзгелерше кей таныс.
Музаны наққа жібергем мен,
Өзгелердей болмағасын қойтаныссссс!

Менен кеткен Муза апай,
Саған әрең жетіпті.
Наққа кеткен муза апай
Сені НАҚқа кетіріпті
Beytanis
Тағы бір жәбірленуші.
alisha
Бейтаныс, сен Кездесудегі Арманжан емессің бе осы?
Beytanis
Ұқсаймын ба?
Gastarbaiter
Мафияоғлы, Фа, Фрэнк ғой. Оны ешкіммен шатастыра алмайсың)
Beytanis
Қой-ей, Берекет Оскарбиевич!
Gastarbaiter
Саят?
Beytanis
Керекинфоға көңіл көтеру үшін келеміз, кімнің кім екені, не ойлайтыны меніңше ешкімге бәлендей маңыздылығы болмағаны дұрыс секілді. Айтыстарыңа кедергі келтірсем ғафу еткейсіңдер, боқтамаңыздар тек қана!
alisha
Бәрі де көңіл көтеруге, бірдеңе білмекке келеді! Бұл постта да дәл солай! Сіздің ұғымыңыздағы көңіл көтеру мен біздің пайымымыздағы көңіл көтерудің өлшемдері бір-біріне сәйкеспейтін болса, сіз де, біз де кінәлі емеспіз!
Gastarbaiter
Негізі хай-вай болған жерде ешқашан бір жақ түгел прав болмайды. Кешірім сұрады ма, болды ғой. Аяқтарыңа келіп жығылу керек пе енді?
Beytanis
Мен кінәлімін. Жамбасыма жүз мәрте дүре сол үшін.
alisha
Оның да сіз сияқты бір әдеті бар-тын, отырып ап поэзияның күйін күйттейтін. Бұл жердегі "өлеңдер" жинаққа енейін деп жатқан ештеңесі жоқ. Жәй көңіл көтеру, сөз қағыстыру. Ешкім «ақын» деген атаққа таласып жатқан жоқ.
Beytanis
Менікі әншейін «түйреу» ғой. Әйтпесе, біреудің ар-намысына тию арқылы бедел жинағым жоқ. Солай, қарындас!
alisha
Ойбай-ай, ағасы, «түйрегіш» болсаңыз, поэзияның парқын мықты салмақтайтын болсаңыз шын ақындардың шығармашылығын талдасаңызшы, Тұрсынбектің тұяғы!
Beytanis
Әлиша, жүйке талшығы қайта қалпына келмейді! © Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ескертеді.
Abilakim
Қыз-жігіт айтысын ұйымдастыру керек! Кәдімгідей мынау мынамен деп бөліп-бөліп айтысайық
Gastarbaiter
Еріккен тірлік түгесіліп,
енді қыз бен жігіт айтыстырып,
Өткізейік тәуліктерді
qisyq
Маусымның гормоналдық езгісі ме…
Қыз-жігіт айтысы керек боп тұр.
Бесінші қауымдастық белгісіндей,
Әйтпесе бұл айтыс бір ерек боп тұр.

Әбіләкім қыз деді көзді ойнатып,
Шешейді Муза дейтін айқайлатып.
Қыз демекші, @AKY-ім жүр ме, шіркін,
Хохландияда хохолдарға шай қайнатып!?

@AKY-жан, сөз айтсаңшы мына маған.
Өзгеге емес, сезімге сынады адам.
Екеуміз жыр жазысып, қауышқанда
Жан бар ма бұл сайтта жыламаған…
Abilakim
Қайда кеткен мындағы қыз ақындар
«Періште еркектерді» бұзатындар
Ежелден қыз-жігіт боп айтысқан ек
Ал қанекей сөзбенен «тұз» атыңдар
alisha
Айтыссақ айтысалық, Әбіләкім,
Жан едім ұғатұғын сөздің парқын.
Тасып тұрған дарыным болмаса да
Қыз едім қара өлеңге жаны жақын.
Abilakim
Оу!
Жүрсінді ғашық қылса Лариса қыз
Мені құртқан өзіңсің Алиша қыз!
Халық демеп, маңдайға Құдай жазса
Екеуміз біраз жерге барысамыз!
Gastarbaiter
Попкорнымды алып ап жайғасайын,
Салпы ерін VS Мәмбет шайқас дайын,
Бір біріңе «фшть-фшть» деп айтақтасам,
Болмаймын ба керосин құйғандайын?
alisha
Болғаны жақсы анық бағдарыңның,
Байқатшы биіктігін талғамыңның.
Бұл жерде ысқырығың естіле ме,
Қойылғаны жөн шығар баллдарыңның.
alisha
Шынымды айтсам, шағылған тауым менің,
Есіңде ме Арманжанмен дауым менің?
Түңіліп тілім-тілім болғанымда
Дертімнің дауасын сен тауып едің… гиккәй-гиккәй… гөк-гөк
Abilakim
Кілтін таба білейін жүрегіңнің
Кездесу өзіңменен тілегім мың
Дауысына "құлатқан" Алиша қыз
Бұрышынан орын бер жүрегіңнің
alisha
Жүрегімде орын жоқ турасында
Менің балам, байым бар, қуасың ба?
Мынау сында майланса қанжығаңыз,
Қашып кетпей, Әбеке, жуасың ба?
Abilakim
Бөгет етпейм балаңа байыңа да
Сен оларды Алиша уайымдама
Сендей қыз жу деп жатса жуамыз ғой
Өзіңменен айтысу ойым ғана
alisha
Айтысарға жүректен орын керек?
Әбіл-ау, бұл бір ойың тіптен ерек.
Шабыт пен дағды болса жарамас па,
Айтпай жүрген сырың бар сенің демек.
Abilakim
Өзіңе жаным сырттай ғашық едім
Үніңді бір естуге асық едім
Бойдақ кезде жолықсақ ертеректе
Табар ем жүрегімнің ғашық емін
alisha
Бойдағыңда кездеспесек жақсы бопты,
Бекерге жаралар ма ем жас жүректі?
Қиялдағы қалқаң боп қалайыншы,
Сыңғыр үн, жасын жанар, ақ тілекті.
alisha
Шақыруын шақырып ап айтысқа,
Мынау Әбіл отыр енді қай тұста?
Жалт еттің де жоқ болдың ғой жын құсап,
Қала бердім ұқсап мен бір байқұсқа.
Abilakim
Мен күтіп отыр едім жауабыңды
Салбыратпа бекерге қабағыңды
Таң алдында шығатын шолпандайын
Жарқ еткізші жаным-ау жанарыңды
alisha
Жауабым жазылғалы жарым сағат,
Байыз тауып отырман, тауып тағат.
Мен емес, сен ғой,қалқаш, ақын жігіт
Жауапты күттірмегін, қарша борат.
Abilakim
Таусылса мені күтіп тағатыңыз
Тоқтап қалған секілді сағатымыз
Ерніңдегі шиені үзсем шіркін
Төсіңізден тесілердей халатыңыз
alisha
Ернімдегі шие қашан үзілгелі?
Сезімнің моншағы боп тізілгелі.
Арманыңды аңғартқан ишараңыз
Қызғылт түске айналды жүзімдегі.
Abilakim
Он екі де бір гүлің қалған шығар
Алиша қыз талайға арман шығар
Қызылыңыз бетіңізге көшіп алса
Алма төс өз орнында қалған шығар
alisha
Алма төс деп қақсалап бір қоймаған,
Баласың-ау уызға бір тоймаған,
Төс ауруың әлімсақтан байқалды,
Осы сенің не ойың бар ойлаған?
Abilakim
Рас айттың уызға жарымап ем
Сондықтан жұпар иісті сағынар ем
Ойымды саған айтсам оңашада
Әлішжан, келісер мең, нәғылар ең?
alisha
Осы сенің әйелің қайда бала,
Құмарыңды қандырмай, қой баға ма?
Бір күйеудің таппай ма бабын өзі,
Телміртпей сұқтандырып айналаға.
qisyq
лібәәә… бекер бастадым-ау деймін айтысты…
Abilakim
Мен үшін таусылды -ау бәйегіңіз
Міндетін жақсы атқарад әйеліміз
Бабымызды тапқан соң шалқып жүрміз
Айтатын барма басқа дәйегіңіз?
alisha
Қайтейін, мәжбүр еткен өзің, жігіт,
Жалақтап, жан-жағыңа көзің сүзіп.
Бөрі аштығын білдіртпес деген бар ғой,
Сөзіңнен ұққаным сол үзік-үзік.
Abilakim
Басқаша ұғынасың бөрілікті
Жігіт ем серік еткен серілікті
Бүгінше бұл «Керектен» шығып барам
Демессіз бір қатыннан жеңіліпті
alisha
Намысыңа болайын ақын жігіт,
Осылай жыр түзейік аракідік.
Қатынды жеңген адам болған емес,
Бұл сөзіме қоя алам бәс те тігіп!
alisha
Әйеліңіз жан екен дара туған,
Бала емес балпанақтай, баба туған.
Не де болса құр болмас қосағыңыз
Жан шығар ай мен нұрдан жаратылған.
a63a1
мен қодар боп килігіп араңызға
Бір сөз айтсам болама қара қызға?
Байың сенің жақсы екен бостау ұстап
Тамақ істеп, барсаңызшы балаңызға
alisha
Ұйқас қуу жақсы емес, ақыным-ау,
Мен қара емес, аппақпын, жарқыным-ау!
Неменеге күйіп тұр бес бидайың,
Мұндайда мен қалмаспын тартынып-ау!

Жүргем жоқ жынойнақта қай сасқаның,
Салмақтама тірлігін сен басқаның.
Сендей жандар арқаны қолда жүрер
Ақыры кешер күйін сор қасқаның.
AKY
Уа-ча!)))) Әліш жарад нақ!))
a63a1
қатты кеттің жарқыным ашулысың
әзіл айттым шабытыңды ашу үшін
Дүркіреген найзағай жай ма дедім
Таппай қалдым тесікті қашу үшін

Айып етпе кеш келіп жазғаныма
Бастық отыр дікіңдеп дәл жанымда
Сор қасқаңыз қасқайып кете барды
Тексіздігі жоқ еді бек қанында
alisha
Ашу маған дос емес, болмайды да,
Арандатқан екеуді оңбайды да.
Сіз-біз десіп, аттамай әдет-ардан
Сыйластықты жалғасақ болмайды ма?
VKM
Абзал, сағат 18-ге дейін жұмыс істейді. ертең келіп жауап айтар)))
Gastarbaiter
Оу, Абзал кетті ме екен артың қышып
Басқа біреу құрығандай, мұнда тышып,
Алишаның қарсы шашқан зәр шумақтан,
Базардың қатыны өлер уын ішіп.
a63a1
 мынаны енді оқып отырм
Abilakim
Оқығаннан оқымағаның көп баласың ғой)))
a63a1
5 жылдық білімім бар)
Abilakim
Универді 2001-2008 аралығында оқыған жанмен бес жылдық біліміңді салыстырғың келе ме?
a63a1
Әбеке, автасканың бризолі жақсыкен, пирәшкидің орнына шатасып беләш салып беріпті
Abilakim
оны қойш, Балқаштан келген қонақ қыз бүгін қайтады
a63a1
Ауыздан сарымсақтың иісі мүңкіп тұр, сағызбен амалдап отырмын, бризолге чеснок салушыма еді?
VKM
alisha, ой, жарайсың!!!))))бравооооо
qisyq
Өзгені емес өзіңді елеп айтыс,
Бұл болсын таразы айтыс, терең айтыс.
@AKY-жан, профессор шалыңды таста, әнас!
Бастайық біз екеуміз керек айтыс.
AKY
Қисықжан, қоймадыңдар, жанықтырып,
Отыр екен қаумалап, халық күліп,
Отырғанда айтысып өзіңменен
Пірәпесір ұрысар, салып бүлік!
Gastarbaiter
Қыздар-пыздар деп деміңді жаратпай-ақ,
Әйгерім! -деп шақыру керек еді,
Одан басқа айтысатын қыз бар ма еді?
Оның өзі аппақ томпақ хәм мұрты бар,
Ия, мұрты бар…
AKY
Киліктің-ау, сен де бір орта жолдан,
Табылар тарлау жерге бір тарақан,
«Мәмбет болдың» тағы да қайталаймын
Енді тағы сөз айтсаң, артыңды ашам))))
Gastarbaiter
Киліктім ау мен де бір орта жолдан,
«Намысымды бермеуші едім жатқа қолдан»,
Деп әртүрлі өлеңнен ұрлап айтсам,
Жазалап жібермей ме мені Буддам?
AKY
Казнеттегі тым тәуір кекілді едің.
Тиісесің ауыр сөзбен бұл қыздарға.
Гастабатыр, қартайған секілдендің,
Бер орныңды сен жаңа жұлдыздарға!
Gastarbaiter
«Орын беру» жақсы ғой реті келсе,
Қан шықпайды-ау кейбіріңнің бетін тілсе,
Қарт кісіге «орын бер» деп айту қалды,
Автобусқа еңкейіп енді кірсең.

Қарттан орын тілейтін кемтармысың,
Жас жұлдыздар өз күшімен тырыспай ма?
Өнеріңмен, өлеңіңмен тамсандырсаң
Қарттың өзі риза болып ығыспай ма?
Abilakim
Тағы да Па деңдер!
AKY
Хмм… Че-то невтему лағып кеттің,
Маған да бір мініңді тағып кеттің.
Мен орынды өзіме сұрамап ем,
Жарайды, не важні, өзі не деп кеттім?

Қарттың да естісі бар, есері бар,
Отырып ап мақтанып, бөсері бар.
Нағыз қарт болу керек шын қазына!
Кей қартта қазымырлық кеселі бар.
Gastarbaiter
«Кеттің», «кеттің», «кеттім» деген ұйқас барда,
Кеулімжайдың кеулі жай, мұрны аспанда,
Жастар үшін орын сұрап, келемеж боп,
Осырақ шалмен шатастың адасқанда.

Осырақ шал болсам дағы порохым бар,
«Анау мынау мақұлықтар қорықыңдар,
Әйтпесе, көтіңді ашам, көтті қыс» деп,
Байқамай мақтанатын пошымым бар.

Мұрт туралы әңгімем әзіл еді,
Жәй түртпектеу мақсатында жазып едім,
Әйтпесе қандайыңды кім біледі,
Бұл жерде мылқау, керең, қотырың бар
AKY
Сен уащще сөйлемеші ұйқас жайлы ))))
Өзіңнің бір шумагын ұйқаспайды)))
Мен сені батыр десем, қатын болдың
Салғыласқан еркекке жараспайды.
Жарайды, мен жеңілдім, сен маладес!
Құр ерегес керекте керек емес)))
Ауыр артиллерия қосылмай тұрғанда,
Осыменен тоқтайық қылып кеңес.
Gastarbaiter
ҚУасың ба? Бұл айтыс қой Ужыснақ. Енді айтыспаймын) Бүйтіп ойнап жүріп жылап қалатыныңды білген жоқым, кешір)
AKY
Сен айтыспай-ақ қой, Ғаста)))
Қыздар әманда солай, ойнап жүрсе де жылап қалады.
VKM
Керектегі ақырғы тенденция: Гаста мен Бейтаныс жап-жақсы отырысты бұзады
Beytanis
Тағы бір терпила. Арыз жазыңдар жиылып.
Gastarbaiter
Болды, Венера қойдым. Енді сен сияқты «Уау, күшті» «Супер» деген дебил тіркестермен жұртқа жағуға тырысып көрейін.
VKM
айтавер, мен сенің жазуларыңнан қорқып,үндемей қалмаймын… уау, супер десем, ол менің прерогативам, боқтық айтып елді кемсіту-сенікі.
Gastarbaiter
Бәріне дос болған адам, ешкімге де дос емес!
Gastarbaiter
Болды қойдық. Менен әбден қорлық көрген екенсің байғұс ай.
VKM
Каждый думает по мере своей испорченности, мен пікірді жағымсыну үшін емес,ұнаған соң айтамын. Елдің бәрін өзіңдей көрмеші сен(((((((
Gastarbaiter
Соқпашы, сенің "қара табиғатыңды" көріп қалдық өткен жолы
Gastarbaiter
«Мұрт» дегенің пайдалырақ болар шаштан,
Қап қара қалыңырақ болса қастан,
Мұртты қыздар мұртына азық сақтап,
Тамақ жоқта жеп алса да өлмейді аштан.
qisyq
Кеулімжай, сөзіңнен мына тасып кеттім.
Тасып кеттім, өзгеден асып кеттім.
Енді жауап жазуға отырып ем,
Бәрін тастап шалыңа қашып кеттің...:(((
AKY
Айналайын сол бір жасыл көзіңнен
Өзің түзу, қисық-қисық сөзіңнен!
Болсаң-дағы женатик, жас екенсің,
Шалы құрсын, айтысайын өзіңмен!
qisyq
Бұл көңіл аспан барды, айға барды.
Қалдырдың кімге, дүние, қайран шалды?!
Менімен айтысып отырам де…
Сонда, Әйгерім, жұмысың қайда қалды???
AKY
Сен өзі… Жан екенсің қызық-қызық,
Өзің ғой шақырған, жұмысқа деген шабытымды бұзып?
Енді, плиз, менімен дұрыстап айтыс,
Жұмыс қашпас,
Ал керекте күнде бола бермес мұндай шыжық)))
qisyq
Айтысамын жыр жазсам да адам жалдап,
Сөз айтамын клава алып, Аллам қолдап.
Оу баста осы айтысты бастап едім,
Өлеңімді, Әйгерім, саған арнап.

Есіміңді айлы түнде жаттап едім.
Шумағыңмен сөзімнен аттап өттің,
Қамыңды ойлап отыр ем, жұмыс істе деп…
Енді, міне… о, жалған-ай, наққа кеттім.
Abilakim
уахаххахах… тағдырдың тәлкегі ғой
AKY
Керек-айтыс дегенде, керек-айтыс,
Болсын бұл бір өзгеше ерек айтыс!
Наққа кетсең, Қисық-жаным қайта ғой,
Маған деген сезіміңді айта ғой))

Мен де айтайын ойымды, қарап қалмай,
Клавадан есіміңді күнде терем…
Онлайныңды күтемін тағат қалмай…
Жасыл көзді түсімде түнде көрем.
qisyq
Сөзіңнен айналайын, күлім көзім,
Жаныма жағып барад айтқан сөзің.
Қартайғанда жаныма жылу берген,
Келіп ең, қылықтым-ау, қайдан өзің!?

Бұл айтыс айтыс емес, болды бақыт.
Әйгерім, күлкің шуақ, ернің жақұт.
Екеуміз жағаладық сезім көлін…
Қайтеді алсақ біздер бір-бір батып?
AKY
Батып?
Жо-жоқ… Қайтесің? Керегі жоқ!
Жай бетінде жүзсек те берері көп))))
Пәк сезімнен жалғанда артық бар ма?
Так ышто, батудың еш себебі жоқ.
qisyq
Болды. Қойдым. Кеттім.
Gastarbaiter
Хаямның саған қызы, Әбіләкім,
Статистикаға салшы бір көзіңді—
«Нәзік жыныспын» дегендер,
Еркекпін дегендерден екі есе аз

Ақыры Музаны зорлаған екем,
Әртүрлі позада бақыртайын,
Қыздарменен айтысуға бәйге тіксең,
Мен-ақ қыз боп тіркеліп зайыбыңды алайын.
Abilakim
уахахаххахахах
qisyq
Лібә))))) ҚР ҚК 120 бабы по тебе плачет…
Abilakim
екінші тармағы жеңілдеу негізі
zhazular
жылы шәй жыбырлатып тамағымды,
клавиатура деген алып қалағымды,
түріп ап етегімді балағымды,
мырситып «мышка» деген шанағымды,
жеңетін іш пыстырар қара мұңды,
Ой-хойлап, қолпаштайтын талабыңды,
Пікір жазып, быт-шыт қып сарабыңды,
айырып, тас-талқын ғып талағыңды,
Ұмыттырып темекі, арағыңды,
желпінтер, көкпар бейне бала күнгі
Керекке бір кіріп ап отырасың,
ұмытып сағат деген санағыңды…
qisyq
Ой деген-ай!

Ұмытып сағат деген санағыңды…
Сайлап ап флуд дейтін жарағыңды
Оятып көңілдегі бала мұңды,
Сөз айтпаққа ниеттенген талабыңды,
Бұл kerek бұла керек, балғын керек,
Масайтар беріп пікір-шарабыңды.
Сосын бір көңіл, шіркін, марқаяды
Қарсы алып кәусар ауа, самалыңды.
Блогшылар жазған кейбір жылы пікір,
Қуады екен іштегі қара жынды.
Керект жігіттер көп нар тұлғалы
Алатын ықыласпен «саламыңды».
Керекте арулар көп аяулы тым
Бағатын көңілің мен қабағымды.
Керек кейде «Error» деп ашылмаса
Сол күні аспан мұңды, дала мұңды…
zhazular
Кешегі күн, өткен, кеткен, оралмасқа,
Бұл адам ермекшіл боп жаралмас па?
Салмақты ой, салиқалы пікірі бар,
«Керектен» өзге нәрсе таба алмас па?

«Керек» сірә, пара-пар саф алмасқа,
Серт алатын комменттен бас алмасқа,
арық семіз, домалақ, тырылиға,
мекен болған ши бұтқа, қазанбасқа
qisyq
Әйгерім болды менің айнамкөзім.
Тағатты тауысатын, алып төзім.
Айтпақшы, арық, семіз, домалақтың,
Жандос-ау, қайсысы едің, айтшы өзің?
zhazular
Құдайым берген, көзден, қара қастан,
қыбырлатып бұйралап, селдір шаштан
Пошымыма аямай бере салған
тәпелтек, жалпақ танау, шүйдебастан,
меңім бар мекендеген құлақ астан
әдемілік уә бастан тұра қашқан
бар бойыма ет бермей сылып алған,
жаратқандай қу сирақ бір ағаштан.
a63a1
кетш нақ бәрі ақын бұл керекте
Аққу болу арманғой қаз үйрекке
менде жазыватырмын суырылып
Жақсы болар қалмасам қуырылып
qisyq
Жоқ-бардан жыртық өлең құрамаппыз,
Құрамаппыз, алайда тұралаппыз…
One sheep, оттау өлең айтып кеттік,
Салиқасыз, қасиетсіз, ұлағатсыз…
a63a1
Салиқалы сөз айтшы шабыттанып
Оттау өлең барады қабықтанып
Тақырыпты тереңнен бойлап берші
Алсаңда ақыиқатқа басты жарып…
qisyq
Бір сөзге бір сөз, шіркін, ермей ме екен,
Бәрібір, кезегімді бермей кетем.
Салиқалы сөз айтуға тілім менің,
Қанша жерден сындырсам да келмейді екен…
Dzhuli
керекинфо қауымы — жаздың тәтті қауыны…
керекинфо жазулары — бір-бір ойдың даналары…
керекинфо блоггерлері — сауалнама перенлері…
сенде келіп қосылғай — айтыс постқа шомылғай
qisyq
сауалнама перенлері…
Қайран, Джули, мынау не сөз?
Dzhuli
многофункциональный "Справка" батырмасы тәріздес дегенім ғой
Zilola
Әу де!
Әп бәрекелді!!!
VKM
менен басқаның бәрі өлең шығара береді ме деп қалдым?))))
Zilola
өләәә, демеу жасап отрқ ғо просты, біз де сіз сиқят ))
a63a1
бастық деген пері кедергі болып тұр
Gastarbaiter
Қос бүйірден шын ақындар келіп қысад,
Әттең өнер тапшылығы тілді тұсап,
Жігіттер көпсіңдер ғой, жеңесіңдер!
Тек,
«Бары осы» деп жүрмеңдерші Бләкберд құсап,
konvict
Өлеңімнің тиегін ағытайын,
Жігіттердің көрген соң жағыдайын.
@Alisha-ай, Әбіләкімді жер қылыпсың
Тауыққа шашылған бір тарыдайын.

Толғасын конвикт, толғасын,
Сөздері бопты сонда шын.
Еш жамандық болмасын.
Қырықпышақ сенен таяқ жеп
Сатыбалды семен дос болсын.
Шие жегір Әбіләкім
Қызыққаны ол да шын.
Қызыл көрсе қырындар әрбір жігіт
Көргесін әп-әдемі төс тартқышын.

Туһ десей, өлең құрастыру қандай қиын. мынадан кейін ақын біткеннің бәрі у іздеп кеткен шығар
qisyq
Табельдың, мына постты өшіріп тастау керек екен мына «жыр» шумақтарынан кейін…
konvict
Көштен қалмасақ болағаны да, көппен көрген ұлы той. © Құнанбайдың баласы
qisyq
Scheschesse)))))))))))))))
VKM
жап-жақсы, конвикт))))
satibaldi
Жоқ, Сізден адамсүйгіш Тереза шешей шықпадйы, тез позицияңды айт!!!
Abilakim
Абайдың бәрі Абай емес
Батыстың бәрі Адай емес демекші жер болған жерімізді шұқып көрсете кетсеңіз
Gastarbaiter
Қонақтар ренжімеңдер. Бізде сондай хай-вайлар болып тұрады.
Айтысатындар айтыса беріңдер. Бейтаныс, кеттік басқа песочницаға, ойыншықтарыңның бәрін қалдырмай алып жүр, біреуін қалдырма бұларға!
madlen
Керекке кіргім келмей кетті…
Gastarbaiter
Мені бандап жіберсе кіресің бе? Аршекеңе бір ауыз айтайын.
madlen
Сенсіз де қызық емес.
alisha
бәрімізде де анда-санда осындай ой бой көрсетіп қалады, несін жасырайық…
qisyq
Уибай, неге? Менің постым не жазды, Құдай-ай!!!
madlen
Postyn ujas bolyp ketken.
qisyq
Ашып айтсаңшы, Мадлен.
meirzhan
Керекинфо жарады айтысуға,
Қыз-жігіттер құмар ғой танысуға.
Блогшылар, керекшілер тырысайық
Балағатсыз, боқтықсыз жазысуға.
meirzhan
Гастарбайтер ұйқасты іздемейді,
Себебі муза шешей үндемейді.
Позитивті муахахала көрсе батыр,
Оқып алып алдыменен пілюстейді.

Алқаштарды сөзбенен ол емдейді,
«Зигмунд Фрейд, уішівөл» деп күндемейді,
Туретта синдромы үшін минус алып,
Ешбір жанға сол үшін ренжімейді.
meirzhan
Конвикт айтыскердің бауыры еді,
Жас буын блоггерлердің тәуірі еді.
Панданың еніп образына,
Маймаң басып, қара-ала боп келеді.
meirzhan
5-ші қауымның жігіттері,
Келеді екен майысқақ жүрістері.
Туалеттің М-сына да кіре алмай,
Жүреді екен күзетіп женскийні.
meirzhan
Ұйқыға кетті барлық блогшылар,
Түнгі 2-де ұйықтамауға кімдер шыдар.
Мен де кеттім Морфейдің ауылына,
Атты ерттеп, ұйқым тосып тұрған шығар
Dzhuli
Мен де кеттім Морфейдің ауылына,
Атты ерттеп, ұйқым тосып тұрған шығар
күшті
Asspan
Айтысқа бет арнған дұрыс болар?!
Жақсы сөз қай қашанда ойға қонар!
Алайда түсінісу қыин боп тұр…
Жазбалар таусылмайтын ұзынсонар))
a63a1
Жазбаларды ретімен талқыла сен
Айтыстығой @alishaмен @Әбіл))) әсем!
@AKYыңда аққудай көлде жүзген
@Gastarbaiter аңшыға бермей есе
Айтыс болды керекте қызу кеше
Ей @qisyq қалай болад ослай десе? ~x(
qisyq
Пах деген неткен шымыр, ширақы өлең!
Өлеңіңмен өзге ойды қиратып ең!
Әттең, шіркін, әдемі ән айтар едім,
Білімім аз, ақылым жоқ, ұятым кем…

Оның рас, кеше айтыстық әуенменен.
Керекте әлемдеген, жәлемденген.
@AKY да жебе-сөзін салып жатты,
Хохландиядан кеп жеткен сәлемменен.

@Abilakim @alisha -мен жұптан өтті.
Онысын @a63a1 бірден құптай кетті.
Біздің айтыс біртүрлі әсер етті-ау,
@Beytanis пен @konvict бұттан кетті.

@Gastarbaiter жыр жазды клава алып,
Көмейінен өлең-ән бұлағы ағып.
Жалпыға жеке шапты кірпік қақпай.
Тілінен уы, балы қатар тамып.

Осындай алып айтыс болды кеше.
Көңіліміз ақындарға толды неше.
Біразының көңілінде қалды-ау деймін…
Шамға тиген шиқан сөз, кеткен есе…
a63a1
өй дедауу!!! Шаба түс!!! хәйт!!
qisyq
Жақсы ақыл жаман сөзді құлыптайды,
Нағыз адам жақсылықты ұмытпайды.
Әттең, шіркін, жабыла айтысуға,
Керекшілер кезек-кезек ұйықтайды.

Бірі күндіз айтысты құлатыпты.
Бірі түнде клаваны жылатыпты.
Енді бірі жұмысын былай қойып,
Отырады құртып трафикті.
a63a1
Қор болдым көк бестідей тұрған жарап,
Жұмыста күндестер көп көзі қарақ.
Бірдеңе жазар едім, амал қанша?
Қыртиып отыр бастық жаман қарап
qisyq
Бастық деген сол үшін жаралған ба?
Жаралған да жер бетіне таралған ба?
Әйтеуір, солардың сөзі өтімді
Үй алғанда «Көктемнен», «Самалдан» да.

Біз деген планктоны офистердің,
Кеңселік стратегия керістердің.
Құдай жазса, куәсі болармыз біз
Өзің жеткен офистік жеңістердің.
Dzhuli
@qisyq красавчик!
дууу қол шапалақ
AKY
сонымен, керек-айтыс не болде?
belgisiz_birey
Пойызда алматылық, қарағандылық және астаналық және шымкенттік төртеуі бір купеде кетіп бара жатады.Әңгімелері қызып, жүзграмдатып отырады. Бір кезде Қарағандылық атып тұрып, үстелдегі сыраны алып терезеден лақтырып жібереді…
Басқалары оған бақырайып қарап тұрса, ол: “Әй, тасташ енесті, бұндай бәле бізде шаш етектен, аяймыз ба құрсын” -дейді.
Алматының жігіті үстелдегі алманы әлгі сыраның соңынан лақтырып жіберіп:- Е-е-е, олай болса бізде алма жетіп артылады, аяймыз ба құрсын!”- дейді.

Осы жерде астаналық басын әрі қасып, бері қасып біраз не істерін білмей тұрады да, шымкенттікті жағасынан ұстап терезеден бірақ лақтырады: – Бізде бұндай бәлелер шаш етектен. Аяймыз ба?”-дейді.
Gastarbaiter
Мынауыңа Қожекең келсе бір сыра қояр ма еді?
meirzhan
4-ші рөлдегі жолаушыларды өзгерте береді екен осы. бір жолы басқа пероснаж лақтырылған болатын
belgisiz_birey
Багратион Кербабаев деген кісі көшеде баласы Сатыбалдымен қыдырып жүр. Баласы еңіреп келе жатыр:
— Бапа, бапа дим, марожни! Марожни! Ма-рож-ни!!!
— Тууу балам ау, мен де жегім келеді марожни. Бірақ ақшамыз тек қана араққа ғана жетеді.
Gastarbaiter
Әй, бала болды енді, қоя ғой, anekter.wordpress.com — ды бұл жақтағылар жатқа біледі.
belgisiz_birey
 қап,, әзілдейін дегем, өтпей қалды ғо
Gastarbaiter
Ол блогтың авторларының ішінде Асау, Әбіләкім, Сатыбалды, және мен Ақкөңілсің ғой, бауырым. Жақсы ниетіңе респект
Gastarbaiter
Айтпақшы, Саммита да бар
Abilakim
«Керемет! Тағы жазшы!» деген сөздерді айта алмағанымызға кешірім сұраймыз)))
belgisiz_birey
неге менің комментарийларым қызыл түсті болып тұр? сендерде де солай болып қызарып тұр ма?
Gastarbaiter
Әркімдікі өзіне қызыл болар көзіне
Abilakim
уахахахха, кеңк-кеңк))))Галина Бланка буль-буль
belgisiz_birey
мм, солай ма… Не істеп жатсыңдар??? Мен шәй ішіп отырм
a63a1
мен ет жеп едім, енді тіс шұқып отырмын
belgisiz_birey
көмектесейін ба??? щұқу жағынын емес, ет жеу жағынан, хехехехе
a63a1
мына жерде флудиттамай жаңа пост ашып өзіңізді таныстырып өтсеңіз игі іс болар еді
a63a1
Белгісіз біреу деген никті таңдауыңызға не себеп?
a63a1
еее әлгі Қорабайдың жиені Әмөштің кіші ұлысыңба?
Gastarbaiter
84-тегі Саматтың інісісің бе?
belgisiz_birey
жоға,,http://www.kerekinfo.kz/blog/5017.html
edige
Осындай айтыс ұйымдастырмай қойдыңдар Жігіттер… Қызық еді әйткенмен сол кездер
AKY
ол көктем оралмайды… деп қорс-қорс жляп алсам))
satibaldi
Ооо, картофельный сеанс действует?
ademi_alem
мяяяяя ))))))) тәуір айтысыпсыздар ғой ))))
Erkekyz
Мен де біраз жалғасын оқымаған екенмін, керрремет!!
a63a1
Жаңа жас буын суырып жазар айтыскерлер іздеймін!
asaubota
MERmukhanov бар еді ғой
a63a1
Керек айтыс деп пост жазуға ұялып отырм, заман өзгерген тәрізді ме әлде солай көрінеме. Айтысатындар вызов тастаса қарап қалмаспыз )
MERmukhanov
a63a1 маған бір датты берсін деймін,
Анау-мынау кісіні менсінбеймін.
Айтысса, бір айтысар меніменен,
satibaldi осында келсін деймін!

Жаратпайды, болса егер ақын арлы,
Атышулы қисық тіл satibaldi !
Көптен бері көрінбей кетті мұнда,
satibaldi нақуя жатып алды?
a63a1
satibaldi деймісің Сатыбалды
Сатыбалды асқабақтан қатын алды
Қалың малын беруге шабашкілеп
бір кноньякпен екі виски сатып алды
Соңғы түзету:
abzalsariyev
Айтысқа шақырыпсың a63a1 ақын.
Сәтің бұл «өшетін» не «бақ жанатын».
Қорыта алмай қалып жүрмейсің бе?
Ауыр болып жүрмесін ағзаңа тым.
a63a1
Сари ұлы сен менің аттасымсың
Тым бөлек-ау бірақ сенің бақ, шабысың
шайпау шумақ жазыпсың, бастамастан
Ал ендеше мендік бір жыр ақтарылсын.
Керекте мен сол 11 ден жортып келем
Өлеңді де, байыбына түсіп өрем
Қорытармыз, жазбасаң қортылмайтын,
Асқазанға қиянат құсық өлең
abzalsariyev
(Отырсың ау бағамды төмен беріп,)
Ойлағам жоқ берем деп Өлеңге ерік...

Жігіт болып жаралғам — Емен берік.
Ар сақтап…
Намыс бермей, кемелденіп…
Жығып болып тұрайын Жарты Әлемді,
Сенің айтқан «Сыныңа» денем(ді) керіп…

(Доңыздың балшығына батырсаң да...)
Атылсам да Ар алдында…
Көнем делік!
Адалдықтың көлінде жүзіп жүргем…
Бойламаған болсам да тереңге еніп!..
Abilakim
Айтысыңдар! Не қан шықсын, не жан шықсын!
MERmukhanov
не біреуіңде ** шықсын!

пы.сы. кет, жоғал, көргенсіз, мен ми деген сөзді жасырғам.
abzalsariyev
Мақсатсыз… Ұтыс та жоқ, не межесіз.
Қамап тастап қапасқа терезесіз.
Екі Абзалды қойдың ау қырқыстырып,
Жекпе-жекке қойғандай ережесіз…

Қайтеміз "қан туралы" заң шығарып?
(Кетпей ме бұл айтыстың таңсығы арып?)
Айтыссүйер Керектің көрермені,
Қолдаса жетіп жатыр шаң шығарып…

Құрбан-айттың алдағы мейрамына,
Қояйын дедің бе әлде қан шығарып?
a63a1
Мына жауапқа қарап тұрып, «Блә!» дедім
Ыңқылдатып кетіпсіңғой жыр әлемін
Кейде отырып, айтқың келіп кетпейдіме
«Ей өмір сен недеген х… я едің!»
a63a1
Қарғып мінем асқардың мұз шыңына
Ұйқастың түсіпсің-ау қызығына
Пафос толы, мақтапсың өз-өзіңді,
Дайынған тақпағыңба қыз сынына?
abzalsariyev
a63a1
Ұйыған сабырымды бұздың, шыным.
Қалпыңнан жапырақтай күзгі ыршыдың…
Тақпақтарын жаттап ап, талай-талай,
Қатысып ұтқандайсың қыздың сынын!!!

Ақиқаттың аузынан үздім сығын.
(Уақытыңыз болмасын Сіздің шығын.)
Бағындырған биігің жайлы болғай
Кәрі үкілер жайғасқан құздың шыңы.