Қара жорға - жалған би? (бейнебоян)

"Қара жорға" биі хақында тарих ғылымдарының докторы, қазақ диаспораларының тарихы туралы кітаптардың авторы Гульнара Малбагаровна Мендикуловна (қазақшалағанда, Гүлнар Малбағарқызы Меңдіқұлова) ханымның пікірі:


Видео мына жердегі мақаладан алынды.

П.С.: бұл кісінің кітаптарын оқығандарың бар ма?
Бөлісу:

50 пікір

omarbirat
Постты кейінірек толықтыруым мүмкін.
KILYZAMAN
Алтыбақанды Алтынбақа дей отырып — көпірмейақ қойсада болар еді тарихшысымағымызға… Бар нәрсені жоғалту оңай, жоғалғанды табу қыйын :-( Небір трагиден бастап комедиялық жанрларда сайрап бере алатын Қобызбен оның кейінгі балаларында жоққа шығара салатын осындай сасықауыздардан шыққан сасық лебіздерғой… Қазақтың жігіттері аттың құлағында ойнай алғанда, аяқтарымен денесін қимылдатып билейалмаған деуге негіз қайда?
meirzhan
Бұл кісі қазақ диаспорасы туралы кітап жазған. Әкесі өте танымал тарихшы ғалым. Қателеспесем, Өзбек ССР-інде қызмет еткен. Яғни, осы қызы да жастық шағын сонда өткізген.
Осы ғалыммен болған кездесу менің есімде қалды. Себебі бұл кісінің өзін-өзі ұстауы менің көзім үйренген оқытушыларыма ұқсамады. Иә, мүмкін бұл кісі менің оқытушыларыма қарағанда «продвинутый» шығар, бірақ өкінішке орай бойында қазақилықты байқай алмадым. Кездесу орыс тілінде өтті. Орысша ойлайтын, сөйлейтін адам қалай қытай, монғолия, Түркия қазақтары тарихын жазады деген сұрақ туындайды. Кітаптары орысша өте сауатты жазылған. Өкінішке орай менің жеке пікірім, нақты диаспорология саласында қазақ тілінде жазатын осы кісіден асып түскен ғалым жоқ деп ойлаймын (қазіргі кезге дейін).
Ал қара жорға биіне келер болсақ жақында бір тарихшы-этнограф ғалым дәл осыған қарама-қайшы пікір айтты. Оның айтуынша қазақта ер адамдар қара жорғаны билеген, 1934 жылы қара жорға биінің спектакльде орындалуы бұған дәлел деп айтқан болатын.
omarbirat
Қателеспесем, Өзбек ССР-інде қызмет еткен. Яғни, осы қызы да жастық шағын сонда өткізген.

Бәсе, айтқан пікірі де СССР тарихшыларына ұқсайды. Дәлел ретінде келтірген 1934 жылы қойылған «Айман-Шолпан» спектаклі Сәбеттік Қазақстанда болды ғой. Ондай болса, елдегі қазақтарда да сақталып қалуы керек еді. Ал "Қара жорға" сәбеттен сырттағы қазақтардан, дәлірек айтқанда Қытайдан келіп отыр. Сол спектакльдегі хореограф та ойдан бір би ойлап шығара салмаған шығар. Оған дейін болған би элементтері қосылған шығар, бәлкім. Қазақ диаспорасы болғанда да, Өзбекстандағы қазақтар туралы жазған шығар :)
meirzhan
жоға, бұл кісі бүкіл қазақтар диаспорасы туралы жазды. өзбекстандағы ғана емес.
Дәл осы спектакль туралы айтып еді бір этнограф ғалым(Кенжебаев па еді).
Биді спектакль үшін ойдан шығару мүмкін емес қой, халықтағы бар биді көрсетті. Содан кейін Қазақ ССР-інде бұл биге рұқсат болмады ма, сондай бірдеңе болды очм. Ол кезде ұлттық ерекшеліктерді жоюға бағытталған идеология болды емес пе.
omarbirat
Осы видео туралы фейсбукта жазғаным:

Бірақ ана әйелдің қазақтың халық биі емес дегені дұрыс. "Қара жорға" қазақтың бәрі билеген би емес. Өткен жолы айттым ғой, моңғол, қытаймен шекаралас аймақтарда тұратын, көбінесе керей, найман рулары билеген би деп. Қытай жақтағы албандар да билеген екен. Оған дәлел — жақын туыс атамыз (қазір марқұм боп кетті, сол кісі билеген екен). Ал «Айман-Шолпан» спектаклінен басталған дегені шындыққа сәйкеспейді. Егер сол кезде бірінші рет қойылған болса, елдегі қазақтарда да сақталып қалуы керек еді. Оның үстіне, 1934 жылы сыртқа шығатын қазақтардың көбі шығып кеткен болатын. Оған бұрыннан бері шекарадан тыс өмір сүріп келген қазақтар да болғанын қосып қой. Сондықтан, сырттан келген хореограф жасап берген дегені онша сендірмейді. Мүмкін, ол бұрыннан келе жатқан би элементтерінен жасаған шығар? Жайдан-жай бір ұлтқа бір-ақ хореографтың би шығарып беруі — абсурд нәрсе ғой!

Алдында бірдеңелер жазып едім, оларды таппай қалдым.
ErNur
Омеке Әбілдің бөлмесінде де осыны әңгімелеп едік қой? :)
omarbirat
Иә, сол тақырып қой баяғы. Енді орыс тілді қазақтар қосылып жатыр екен бұл әңгімеге :)
direct
Сәбет дәуірінде шыңғыртып шындықты айта алмаған соң неменесіне енді «анау андай, мынау мындай» деп қозапая шайнап отырады осы адамдар…
пәленбай жыл білім, ғылым деп жүріп, тандырға қозапаяны жағуға тарихи қағаздар жазу өте өкінішті һәм бишаралау көрініс екен…
Бала шағасының қызығын көрсін әйтеуір…
direct
Иә, айтпақшы, өзбек мәдениеті мен тарихында көптеген дүние өзбектердікі емес, сондықтан: мына апай тошны қозапая шайнап отыр!!!
satibaldi
Қазақтың биі деп шығарып жүрген кім жалпы? Түктібайымайдтар, Алтай халықтарының барлығы билейд нақ. Финндер де билейд, олар «бұғы биі» деп атайды. Саусақтарын адырайтып, басыңа мүйіз сияқты қойып алып билейді (әйелдері көзіне шөп салғандар — бұған қоса жан-жағындағыларды сүзе бастайды). Қыстың ұзақ түндерін жүзграммдатып отырып, бұғы биімен қысқартып келе жатқандарына 5 000 жылдың жүзі болды лібә, бір кезде бұрыштан қазақ атып шығад та: «Біздікі!» дейд. Жоғалыңдар нақ!
KILYZAMAN
Айжарық деп аталып жүрген би… Тегінде, сіңбе би екені көрініп тұр. Ал енді қаражоғаға қиянат жасағандарды түсінбеймін…
satibaldi
Ал енді қаражоғаға қиянат жасағандарды түсінбеймін…
Қара жорғаға «біздікі!» деп қиянат жасап жүрген қазақтар ғой нақ.
KILYZAMAN
Дәруішөлгендіктер уішіпөлсін дегендеріде…
satibaldi
Сөз таппағанға қолқа бар: басыңменжарск.
KILYZAMAN
Лизгинка биін бүкіл кавказдықтар үлкен мақтанышпен билейді емеспе? Сірә олардың арасында өнерге деген сына жоқ болса керек… Ал енді, Қаражорға биін өгейсітуіміз нежорық осы?
satibaldi
Өгейсіткені несі, біздікі деп тұрған жоқсың ба?
asaubota
Қош бол Медеу фильмінде киіз үй қасында бір шал Қаражорға билейді.
ErNur
Ауылда Қаболла деген ағамызда ішіп алған кезде қаражорға билейтінін көріп едім :)
alisha
Мен танимын ол кісіні)))
ErNur
Бірге билеп пе едіңдер қаражорғаны?! :))))
KILYZAMAN
video.mail.ru/mail/aitbai62/603/608.html Ортекені ойнатқан қазақта, Қаражорға биі болмаған деушілер көреалмастықтан көкірегі бетондалып қалғандар…
omarbirat
Негізі, шынымен Алтай маңындағы халықтардың биі ғой. Бұл халықтарға монғолы да, қазағы да кіреді. Ал бұл биді ұлттық би деп бүкіл қазаққа таңып қойғандары да дұрыс емес. Өйткені оны билемек түгілі, естіп-білмеген қазақтар да бар. Қалай бар, солай қабылдауы керек еді да. Соншама айтыс-тартыс жасап. Айтысушыларға қой жар болсын (қой с ними) енді, болар іс болды :)
KILYZAMAN
Енді, мыжи бермей бояуын сіңіру ғана қалды! Ғалым(молда молданы еш уақытта жақтырмаған) айтты екен деп ғылыми негіз іздегенше — КҮЙ құдіретін дүниеге алып келген бабаларымыздан биде қалыпты бізге делік…
serjan
Басқа халықтар өз биін өздері билеп қана қоймай оны басқа ұлттарға насихаттап жүр. Ал бізге өзіндік қайталанбас қимылымен ерекшеленген қара жорға биі қайта жаңғырып еді, атын қалай шығарарын білмей отырған тарихшысымақтар бұл біздің би емес деп шулай жөнелді. Біз орыстың, өзбектің, грузиннің биін жақсы билейміз, ал өзіміздікіне күманмен қараймыз. Ендеше қазақта ұлттық би болмаған, тіпті қазақ деген ұлтта болмаған деп сайрайтындар шығатын шығар жақында.
Huizgilik2
Қазақтың «Оралған» хұлттық биі
Gastarbaiter
Похи емес пе кімдікі болса да? Билейтін адам билей береді.
Ал кімдікі деген сұрақты талқылайтын адам билеп қарқ болмайды кімнің биі болса да. Оларға тек шәй үстінде әңгіме керек.
Әлденені «біздікі» деп айтуға бейім адамдар ішіп алса боқтан өзгеге, өзіне қатысы жоқ нәрсеге мақтанып зайыбыңды алады. Жақсы бөтелкелес шықпайды олардан. Жақсы биші де.
KILYZAMAN
Қызың өскенде; Әке, ұлттық биіміз барма өзі? Неге осы бізге бәрі похи болады, десеше? :-)
balzaminka
Қилеке, ондай сұрақ туындамас ол бүлдіршінде, себебі қазір барлық мектеп баласы осы қаражорғаны билеп шыға келеді емес пе :) Ал, Айана өсем дегенше бұл сұрақ өз өзектілігін жояды

Омарбрат дұрыс айтады, қазақтың бәрі жаппай биледі деген қисынға келе бермейді. Батыс күйді, шығыс биді, Арқа әнді кәсіп еткен болар, а?
KILYZAMAN
Қилеке, ондай сұрақ туындамас ол бүлдіршінде, себебі қазір барлық мектеп баласы осы қаражорғаны билеп шыға келеді емес пе :) Ал, Айана өсем дегенше бұл сұрақ өз өзектілігін жояды
Аумин, айтқаның келсін…

Билеу үшін музыкалық сүйемелдеудің қажеттігін ескерсек бәрі өз орнына келе қалады…
Gastarbaiter
Буддаға шүкір одан да қиын сұрақтар қойылғанда тілім байланып қалған емес.
patick
Тым ерсі би. Ешқандай қимыл үйлесімділігі жоқ. Сондықтан да ұнатпаймын. Және қазақтардың биі дегенге де сенбеймін. Көзбояушылық және көрсоқырлық. Көзбояшылар биді Қазақстанға алып келгендер, көрсоқырлар соны қуана қарсы алғандар. Кетіңдер, нақ.
Gastarbaiter
Дұрыс айтасың, «Ал бізде неге жоқ?» деген комплекстен пайда болған жалтақтық пен сорлылық.
Жалпы бимен шаруасы жоқ адамдар болады, хореографтар болады. Мен айтар едім тіпті қара жорға болмақ түгілі қызыл-ала сәйгүлік болса да осыншама талқыға тұрмайтын тақырып.
AsanQaigy
Біз неге өзімізге тән төл мәдениетімізді аластатуға асығамыз?! Ислам дедік, жоооқ тәңірлік деп жар салды кейбіреулер. Енді міне қара жорғаға да келді. мына жуан қатын қазақ па өзі?!
Gastarbaiter
Ол біреудің шешесі болуы да мүмкін Асеке. Шешеңді біреу жуан қатын десе қалай қарайсың?
Onlasyn
AsanQaigy болмаса, пікір талас болар ма?!))
Altygradus
биде тұрған не бар, болды болмады деп соншама дау қылып. Өзіме ұнайды, тойларда биленеді жап-жақсы
Arhun
Гүльнар апайымыздың айтқанынды бір шындық бар секілді. Әмбе, айтқан сөзіне, түріне қарап сенгім де келеді. Менің таңғалатыным, сонда қалмақтарда, моңғолдарда еркектер билеген болса, бізге де неге болмасқа?.. енді сол жетіспегені еді. Бізге жақын Қырғыз елінде ше? Олардыңда еркек биі болмағаны ма сонда?
Иә, бізге орыс тілді емес, қазақ тілді тарихшарды қаптатуымыз керек Әйтпесе, бәрібір, орыс тілділердің призмалық ойлары, қалай айтсаңызда, бөгделі, жат болып келеді.
meirzhan
айтқан сөзіне, түріне қарап сенгім де келеді
Адамдардың түріне, даусына қарап сене берсек талай секталарға кіріп, тарихымызды жоққа шығарып, адасушылықтарға жол беруші едік.
бізге орыс тілді емес, қазақ тілді тарихшарды қаптатуымыз керек
Келісемін қазақ тілді тарихшылар ұлттық мүдде тұрғысынан ойлайды.
Gastarbaiter
Дегенмен политикада рафционалды тұлғалардан көрі, сондай түрі мен даусының харизмасы барлар жеңеді:)
meirzhan
Дегенмен политикада рафционалды тұлғалардан көрі, сондай түрі мен даусының харизмасы барлар жеңеді:)
Себебі жоғарыдағы комментшілер сияқты
айтқан сөзіне, түріне қарап сенгім де келеді
дейтін адамдар бар (көп).
Және де реальный идеялар айтатын адамдар монотонно, жаман дикциямен, түк эмоциясыз айтуы мүмкін. Оларды осындай түріне, айту мәнеріне қарайтын адамдар тыңдамайды. Негізі осындай кәмпиттің оберткасына мән беріп, кәмпиттің дәміне мән бермейтіндерге жыным келеді.
«Как он сказал, прямо душу вынимает» деп айтып отырады, түкке тұрмайтын әңгімені біреу әсерлі қылып айтып отырғанда.
Қысқасы харизма жөнді нәрсе айтатын кісіге ешқашан кедергі келтірмейді.
omarbirat
бізге орыс тілді емес, қазақ тілді тарихшарды қаптатуымыз керек
Тарихшылар жоқ емес, бар ғой. Бірақ мектепте болсын, жоғары оқу орындарында болсын, тек Қазақстан тарихы оқытылады. Яғни, шекарасы Сәбеттің заманы кезінде белгіленген аумақтың тарихы. Қазақстанның орнында бұрын қандай тайпалар өмір сүргені, қандай мемлекеттер болғаны, Қазақ хандығының пайда болғаны, елдегі қазақтар туралы, елімізге сырттан орыстар, ұйғырлар, дүнгендер, украиндар, немістер қалай келгені оқытылады. Бұл — Қазақстан тарихы. Ал қазақ тарихы деген атымен жоқ. Сәбеттер белгілеп берген шекарадан тыс жерде қалып қойған және ашаршылық жылдары сырт мемлекеттерге ауып кеткен қазақтар туралы еш оқу орнының бағдарламасында жоқ. Мысалы, Қытайдағы Алтай қазақтарының көтерілісі, Оспан батыр туралы ешқандай деректі біздегі оқулықтардан кездестірмейсіз.
Бірақ аталған тақырыптарды өтіп жатқанда мен сабақтан қашып, сыртта темекі тартып жүрген де болуым мүмкін :)
Arhun
Қытайдағы Алтай қазақтарының көтерілісін, шыны керек, сізден ғана естіп тұрмын Өте қызық мағлұмат!!!
Мүмкін, картадағы /Қазақстан/ деген атау есімдігін алып тастап, оның орынына /Қазақ/ деп қойсақ, сонда ғана сіз айтқан кітаптарымыз, мүмкін, басылып шығар ма еді?.. /деп ойлаймын/
omarbirat
Картадағы жазуды ауыстырмай-ақ зерттеулер жасауға, оқу бағдарламасына бірдеңе қылып енгізуге болады ғой. Алтай қазақтарының көтерілісі деген — сол жаңағы Оспан батыр бастаған көтеріліс.
Arhun
Ех, жарықтың фото бейінесі қалыпты ғой! Бет бейнесі нағыз байтырдың бейнесі екен. Рахмет инфоңызға!
serjan
Оспан батырды білмесек қазақтың нағыз тарихын білмегеніміз, ол нағызб ұлыт азаттық қозғалысының көшбасшысы. Хасан Оралтайдың «Елім айлап өткен өмір» атты кітабін оқуға кеңес беремін.
KILYZAMAN
Міне осылай, Қаражорғаны жорғалата берсек біраз жерге барып, жоғалғанымызды табуымыз мүмкін :-)
ken
Сәлем, қаражорғастар, қалайсыңдар.


Топшурмен, яғни біздіңше домбырамен тартып жатқан әуен таныс па? Балалардың биі ше?


5:10 секундтан басталатын жерде ойраттар Қара жорға билеп жатыр.


3:50-ден бастап Қара жорғаға ұқсайтын ән айтып жатыр