
Қазақстан Ұлттық Құрамасы 2010 ОАР-да өтетін Әлем Чемпионаты іріктеулерінің кезекті турында өз тобындағы ең әлсіз команда Андорраны Андоррада жеңді, есеп 1-3. Гол авторлары Хижниченко (дубль) және Балтиев. Қазақстанның келесі ойындары 10 қазанда Брест қаласында Беларусьпен, 14 қазанда Астанада Хорватиямен.
NASA және тағы басқа ұйымдардың бастауымен АҚШта “Nighttime Lights of the World” деп аталатын жоба бар. Тек қана Жерді космостан түсірумен ғана айналыспайды. Метеоспутниктердің көмегімен Жердегі түнгі жарықтықты да түсіреді.
Берлиндегі Әлем чемпионатының басты скандалдарының бірі 800 метрге жүгіруден чемпион атанған Кастер Семения төңірегінде болды. Ешкімге белгісіз 18 жасар Оңтүстік Африкалық қыз әлем рекордын жаңартып, чемпион атанған еді. Алайда бұл жеңістен кейін оның жынысы туралы дау-дамайлар басталды. Бір әйелдің мұндай көрсеткішке қол жетуі мүмкін емес деушілер Семенияның гендерлік тестінен өтуін талап етуде. Тест нәтижесі алдағы [...]
Ол Берлинде өтіп жатқан Жеңіл атлетикадан Әлем чемпионатының қаһармандарының бірі. Оның аты – Санитао, 22 жаста, Самоа аралдарынан келген. Оның ерекшелігі – салмағы. 95 килограммдық бұл қыз қысқа қашықтықтағы жарыстарға қатысады. Мәреге жеңімпаздан 3 секунд қалып келді. Бірақ ол соңғы емес, жарыста соңғы жағынан 2-ші орын алды :)
11 Қыркүйек 2009
Түріктің елімізде де танымал әншісі Таркан, соңғы кездер ағылшын тілінде ән айтып кетіп еді..Онысы дұрыс қой енді, бар әлемге өзіңді танытудың бір жолы шығар..Шакира шашын сарыға боятып, ағылшынша альбом шығарған кезде ғана бар әлемге танымал Шакира болып шыға келген еді.. Жалғасы
11 Қыркүйек 2009
Мухәббәттің ерте-кеші жоқ деген әдемі сылтау бар емес пе еді… Сол, бәлду-бәлду… Сол үшін алдыртқан ғой Жерарды. Кезінде ана бұйрашашпен талай қызыққа батырды емес пе? Шамасы, шырайлы шаһар Шымкенттің шытырмандарды шемішкеше шаққан бір энтузиасты арқаланса керек. Кім біледі… Қазақфильм мен «Танарис» кинокомпаниясының бірлесе пішіп жатқан тоны-мыс. Екі аптаға келген Депекеңе осы кезге дейін қойдың басы [...] Жалғасы
26 Тамыз 2009
Орыстілді прокатта «Бесславные ублюдки» деген атпен жүріп жатқан туынды. Квентинді «Биллді өлтіруімен» жақсы танимыз. Кино кәлимасына тіс сындырғандар бұ жігіттің өзіне тән соны стилистикасы бар деп жатыр. Өйтпегенде қайтсін, бозбала шағында видеокассеталарды жалға беруші боп қызмет етіп жүріп, қолыңда бар бүкіл видеотеканы екі-үш қайтара қарап шықсаң… Өзіңше бір көзқарасың болуы заңды қорытынды шығар. «Жүгәрмектер» экшыны мен [...] Жалғасы
24 Тамыз 2009
Биылғы жылы астаналық студент Рустем Мұсабеков Қазнет үшін фотосуреттерге арналған сервисті ұсынды. Оның аты Canvas.kz. Бұл әлеуметтік жоба суреттерді каталог бойынша сұрыптауға, оларға ілмектер ілуге және достарыңызбен бөлісуге мүмкіндік береді. Canvas.kz әлемдік стандарттарға және өзіндік ерекшеліктерге ие. Мысалы, фотоларды түс бойынша іздеуге болады. Сервисте френдлента бар, егер де сіз өз суреттеріңізді қоспасаңыз да, дайын фотолардан топтама [...] Жалғасы
24 Тамыз 2009
Әлемдегі алғашқы бейнелі журнал қыркүйек айында АҚШта шығады. Entertainment Weekly журналының арнайы номерлерінде жарнамаға арналған беттерде қағаз сияқты жіңішке экрандар орын алатын болады. Көлемі ұялы телефон көлеміндей бұл экрандар батарейкамен жұмыс істейтін болады. Ішіне арнайы чип орнатылған бұл беттер музыкалы открыткалар сияқты бетті ашқан кезде актив болатын болады. Әр чипте орташа есеппен 40 минуттық жарнамалар болады. АҚШтың Лос [...] Жалғасы
18 Тамыз 2009
АБАЙЛАҢЫЗ ТӨМЕНДЕГІ АҚПАРАТ КЕЙБІР АДАМДАРДА ЕЕАК- Синдромын тудыруы мүмкін. Егер жүйкеңіз жұқа болса, нәзік жанды болсаңыз, онда тез арада бұл тақырыптан тайып тұрыңыз. Қи блоггер деген блогты қосымша ”құрал” емес, басты “мақсат” деп қабылдайтындардың барлығы. Олардың қаншалықты блог ауруына шалдыққандығына байланысты бірнеше сатысы болады. Жалғасы